basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте ауыл шаруашылығының өнім көлемі 9 айда 34 млрд теңгеге жетті

Қазан 29, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте ауыл шаруашылығының өнім көлемі 9 айда 34 млрд теңгеге жетті
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қала дамуының негізгі көрсеткіші 8 өлшеммен өлшенетін болса, соның бірі ауылшарушылығы саласы. Шымкентте ауылшаруашылығы өнімінің көлемі өткен жылы тоғыз айда 27 млрд теңге болса, биыл сол уақыт аралығында 34,1 млрд теңгеге жетті. Өсім 1,6 пайызды құрайды.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов «Әкім сағаты» бағдарламасында ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

– 2020-2025 жылдарға жоспар құрдық. Онда ауылшаруашылығы өнім көлемі 2020 жылы – 32 млрд, 2021 жылы – 37 млрд, 2022 жылы – 42 млрд, 2023 жылы – 48 млрд, 2024 жылы – 55 млрд, 2025 жылы – 62 млрд теңге болмақ. Бұл нәтижеге жету мақсатында бүгінде «Агроиндустриалды аймақ», «Бозарық» тамақ өнеркәсіп индустриалды аймағын құру жұмыстары жүріп жатыр, – деді мегаполис әкімі.

Үшінші тоқсан қорытындысына сәйкес, Шымкентте ауылшарушылығы саласына 3,6 млрд теңге субсидия бөлінді. 29,3 мың гектарға егістік егіліп, одан 85,4 мың тонна өнім жиналды. 3,5 мыңнан аса шаруақожалықтары бар болса, оларда өндірілген өнім ішкі және сыртқы нарықта саудаға шықты. 25 жылыжай, қарқынды бау, мал бордақылау секілді мал және құс етін өндеу бойынша инвестициялық жобалар іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңға 15 жоба іске қосылғанын жеткізді.

Tags: 3 мегаполисАуыл шаруашылығыбизнескәсіпкерлікшымкент
Previous Post

Шымкентте екі жылда барлық елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылады

Next Post

Шымкентте 25 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі