Astana Hub IT стартаптар технопаркі өз аймағының немесе қаласының әлеуметтік мәселесін үздік технологиялық шешіміне «Idea Battle» байқауын жариялайды. Бұл байқауға Қазақстанның барлық аймақтарындағы стартаптар арасында өткізіледі. Таңдаудың негізгі талабы – нақты аймақ үшін шешімнің практикалық қолданылуы. Байқау жеңімпаздары 200 мың теңге мен технопарктің білім беру бағдарламаларына қолжетімділік түріндегі сыйлықтарға ие болады.
Байқау онлайн түрде өтеді. Қатысу үшін Instagram желісінде #hub_ideabattle хэштегі, қаланың атауы, аймақ мәселенің сипаттамасы және оның шешімі туралы жазып, фото немесе бейне жазбаны орналастыру қажет. Сұранымдар 12 қарашадан 22 қарашаға дейін қабылданады, ал 24 қараша күні Instagram желісіндегі astana.hub парақшасында тікелей эфирде байқаудың үш жеңімпазын анықтайтын боламыз.
- Еліміздің барлық 15 облысында бір мезгілде басталатын байқау IT қоғамдастықтың жаңа тұлғаларын анықтауға және жаңа идеяларды қолдауға, шалғай өңірлерге «ақылды» технологиялар әкелуге, сондай-ақ, Astana Hub ұсынатын мүмкіндіктер туралы халықтың хабардарлығын арттыруға арналған, – деп атап өтті технопарктің басқарушы директоры Аркадий Селезнев.
Қазылар алқасы сұранымдарды шешімнің бірегейлігі мен жүзеге асырылуы, бар мәселеге оң әсер етуі тұрғысынан бағалайды.
Бүгінгі таңда республиканың 15 қаласында жергілікті IT-қауымдастықтар құрылды. Бұл Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Өскемен, Павлодар, Тараз, Түркістан, Жезқазған, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған және Шымкент қалалары. Astana Hub аймақтық қауымдастық менеджерлері 3 ай бойы жергілікті бағдарламашылармен, IT-компаниялармен және басқа да мүдделі жақтармен жұмыс істеп, тренингтер, семинарлар мен хакатондар ұйымдастырды. “Idea Battle” әлеуметтік идеялар байқауы бүкіл Қазақстан стартаптарының білімі мен дағдыларын біріктіретін 2021 жылдың қорытынды оқиғасы болады.
Толық ақпарат алу үшін https://astanahub.com/pages/communitymanagers сілтемесіне өтіңіз немесе мына нөмірлерге хабарласыңыз: +77082988419 (Фарида Наврузбекова), +77086250301 (Назира Ізбасар)