Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш президент кұніне орай «Ерлікке тағзым» атты кездесу өтті.
Ерлікке тағзым жасау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Осынау кең байтақ жерді дұшпанның көзінен, жаудың бөзінен бекер сақтап қалған емес, келешек ұл-қыздары үшін аманаттап қалды. Олардың ерлігін айтып, ата-бабамыздың батырлық болмысын есте ұстап, онымен мақтану – кез келген ұрпақтың парызы. Бабаның ерлігі ұрпаққа рух береді.
Аталмыш іс-шара 50 жастың қатысуымен өтті. Бұл іс шара алдағы уақытта басқа аудандарда да жалғасын табатын болады. Іс-шараға Еңбекші ауданының тыл ардагері, еңбек ардагері, еңбек орденінің иегері Әбдреев Өркен Әбдрайымұлы атамыз қатысты.
Іс-шара барлық санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай өтті.