Шымкентте 13 қаңтар күні 370 адамнан КВИ анықталды (белгілері бар – 225, белгілері жоқ – 145). 34 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 336 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 403 орын бар, төсек орын толымдығы 51%-ды құрайды, 194 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 209 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –
72 төсек орын бар, 14 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 713 адам вакцина алды
(I компонент- 168, II компонент- 565). Егу науқаны басталғалы барлығы 593 397 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 578 435 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 19 992 адам,
II компонентін 9 319 адам қабылдады. 44 891 адам ревакцинацияланды.
Қала тұрғындары мен қонақтарын карантин талаптарын қатаң сақтауға, сақтық шараларын ұстануға шақырамыз.