Шымкент қаласында 2021 жылы алғаш рет 1 млн ш.м. астам тұрғын үй пайдалануға берілді (2019ж. – 523,7 мың ш.м. 2021ж. – 1012,5 мың ш.м.).
Тұрғын үймен қамтуға 107,7 млрд.теңге бағытталып, 5 276 пәтерлі 81 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған.
Одан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары мен жұмысшы жастар 2 133 пәтерлермен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, жұмысшы жастарға – 1 200 пәтер, халықтың осал топтары мен аз қамтылған көп балалы отбасыларға – 933 пәтер.
Сонымен қатар, «SHYMKENT» ӘКК арқылы 2 229 пәтерлі 44 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған.
2020-2021 жылы әлеуметтік көмек ретінде көпбалалы аналар, толық емес отбасы және мүгедек бала асыраушы отбасыларға «Тұрғын үй сертификаттарын беру» қағидасына сәйкес, 1млн.теңгеге дейін 517 отбасыға қайтарымсыз негізде әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары берілді.
Сонымен қатар, 106 көп қабатты тұрғын үйлердің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді