basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Күміс жас» жобасына өзгерістер енгізілді

Қаңтар 11, 2023
in Жаңалықтар
0
«Күміс жас» жобасына өзгерістер енгізілді
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жұмыспен қамту саласында жаңа жылдан бастап орын алған өзгерістің бірі – «Күміс жас» жобасына қатысты. Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуды көздейтін жоба қатысушыларының контингенті мен қатысу кезеңі ұлғайды. Енді, «Күміс жас» жобасына 50 жасқа толған азаматтар 3 жылға дейін қатыса алады.

Белгілі бір себептермен жұмысынан айырылған аға буын өкілдеріне бірден  жұмыс табу мәселесі қиын екені рас. Жоба осындай жұмыссыздарға зейнетке шыққанға дейін табыс табуына көмектеседі.

Бұрын, 58 жастан бастап жұмыстың ұзақтығы 12 айды құраған болса, енді биылдан бастап бұл талаптар 50 жастан және жұмыс мерзімі 36 айға  (3 жыл) созылып отыр.

Жоба қатысушыларының айлық жалақысының бір бөлігі  бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.

Субсидиялар мөлшері төмендегідей.

-Жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын)

-Жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын),

-Жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.

Жобаға қатысушы Шымкент қаласының тұрғындары өз тұрғылықты мекен-жайлары бойынша халықты жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгіне алады.

1.Әл-Фараби ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы:А.Байтұрсынов және Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысы 201

2.Абай ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: Ұ. Арғынбеков 243/3

3.Еңбекші ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: Әл-Фараби алаңы 3/2

4.Қаратау ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: «Нұрсат» м/а, С.Бәйтереков 89

Tags: 3 мегаполис«Күміс жас»жұмыспен қамтушымкент
Previous Post

Шымкентте қар тазалау жұмыстары жалғасуда

Next Post

Шымкентте биыл инвесторлардың есебінен жаңадан 15 мектеп ашылады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі