basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңа Қазақстан

Қазақстан азаматтары шетелде тіркелген көліктерді сақтандыра алмайды

Қаңтар 11, 2023
in Жаңа Қазақстан
0
Қазақстан азаматтары шетелде тіркелген көліктерді сақтандыра алмайды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

12 қаңтардан бастап Қазақстан азаматтарына шетелдік көліктерді сақтандыруға тыйым салынады. Бұл қызметке тек шетелдің азаматтары ғана жүгіне алады, деп жазады zakon.kz.. Сәйкесінше, Қазақстан азаматтары басқа мемлекетте тіркелген автомобильді сақтандыру арқылы жүргізе алмайды. Бірақ 12 қаңтарға дейін рәсімделген полистер мерзімі аяқталғанша жарамды болады, деп жазады Колеса. Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, ол биыл 12 қаңтарда күшіне енеді. Онда басқа нормалармен қатар көлік иелерін міндетті сақтандыру және «Жол жүрісі туралы» заңдарға енген өзгерістер бар. 12 қаңтардан бастап сақтандыру туралы заңның 10-бабы 5.2-бөліммен толығады. Онда былай жазылған: «Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті орган бөлімдерінде тіркелген көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық қозғалыста жүрмеген көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы келісімшарт жасауына рұқсат берілмейді». «Жол жүрісі туралы» заңға да өзгеріс еніп, ол бойынша шетел азаматы немесе біздің елде азаматтығы жоқ кісі жүргізетін, Қазақстаннан тыс жерде тұратын тұлғаға тиесілі, елімізде тіркелмеген және уақытша кірген автомобиль халықаралық қозғалыстағы көлік деп танылатын болады. Мұндай машина бір жылға дейін біздің елде еркін жүре алады, одан кейін 30 күнге елден шығару қажет. Осылайша, 2023 жылдың 12 қаңтарынан бастап сақтандыру полисін алу үшін машина Қазақстанда есепте тұруға, яки шетелдіктің не азаматтығы жоқ тұлғаның меншігінде болуға тиіс. Қазақстан азаматтары бөтен елде тіркелген машинаны сақтандыра алмайды, сәйкесінше, бір-біріне сақтандыру арқылы сата да алмайды. Ал транзиттік нөмір таққан көліктерді бұрынғыдай 10 күнге дейін сақтандырады.

Tags: 3 мегаполискөліктерсақтандырушымкент
Previous Post

Мұрат Әйтенов Қайнарбұлақ тұрғындарымен нәтижелі диалог орнатты

Next Post

«АҢСАҒАН СӘБИ»: ШЫМКЕНТТЕ КВОТА САНЫ АРТТЫ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі