Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында жедел жәрдем автокөліктерін табыстау іс-шарасы өтті. Салтанаты жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс дәрігерлеріне 15 жедел жәрдем автокөлігін тапсырды.
– Түркістан облысында медицина саласын дамытуға қолдау көрсетілуде. Бүгін облыстық жедел жәрдем қызметіне 15 дана жедел жәрдем автокөлігі тапсырылғалы отыр. 2020 жылы 122 автокөлік беріліп, жедел жәрдем автокөлік паркі жаңартылған болатын. Бұл игілікті іс мемлекет тарапынан лайықты қолдау тауып, өз кезегімен жалғасын табады. Көліктеріңіз елдің денсаулығын жақсартуға септігін тигізе берсін! Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Дархан Сатыбалды.
Жаңа автокөліктер Түркістан облысының аудан, қалаларына жіберіледі. Ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, жедел емдеу шараларын көрсетуге үлес қосады.
Облыс әкімі облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бас әкімшілік ғимаратын аралап, көріп шықты. Түркістан облысының медицина ұйымдарының басшыларымен мәжіліс залында кездесу өткізді. Дәрігерлердің ұсыныстаыр мен пікірлерін тыңдады.
Жалпы Түркістан облысы бойынша жедел медициналық жәрдем станциясының 5 бекеті және 17 бөлімшесі, жалпы 22 нысаны бар.
Түркістан облысының жедел медициналық жәрдем станциясы 2 миллионнан астам тұрғынға қызмет етеді. Жаңа ғимарат заманауи технологиямен жабдықталған. Қызмет көрсету радиусы 100 км шақырымды құрайды, рациямен толық қамтамасыз етілген. Санитарлы автокөліктердің барлығы GPS навигациясымен 100% қамтылған. Түркістан облысы бойынша ЖМЖС-да 140 жедел жәрдем бригадасы бар, оның 34-і дәрігерлік болса, 106 фельдшерлік бригада елге қызмет етіп жатыр.