Жаны жақсы ағаның етегін баспа, жолын қу. Болайын деген баланың бетін қақпа, белін бу. Халық ауызында таралған бұл мақалдың қанша ғасырлық тарихы болса, соншалық өзектелігіде терең. Әр бір ұлт, әр бір ел ертеңгі күні болашағының, бүгінгі жастардың қолында екендігін білген. Яғни жастардың тыныс-тіршілігі, немен айналысатындығы, нені меңгеруі, алдағы уақытта мемлекеттің қалай дамып, өркендеуінің тікелей айнасы. Адам болып дүниеге келген соң, тұлға болып қалыптасу біздің міндетіміз. Осыны мақсат тұтқан Шымқала жастарының өміріне зер салсақ.
«Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратында-осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз.» – деп еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай жастарға барынша қолдау көрсетіп, дұрыс бағыт бағдар беріп, патриоттыққа баулитын орталық ол әрине «Жастар ресурстық орталығы».
21ші ғасыр «Тұлғалық болмыс, өзін-өзі дамыту» мәдениетінің кең тараған кезеңі. Осыған тоқтала кетсек… Шымқала жастары немен айналысады?! Бүгінгі мақаламызда осы сұраққа жауап іздеп көреміз.
Жалпы жастар санатына жататын оқушылар саны 60мыңға жуық, ал студенттер саны 125мыңға жуық екен. Сонымен 175мың жалынды жастары бар Шымкент, үшінші мегаполис қатарында. Шымқаладағы барлық жоғарғы оқу орындарында пікірсайыс орталықтары, интелектуалды дебат клубтары жұмыс жасап тұр. Әр бір мектептің өзінде пікірсайысшы топтар бар. Және студенттер, оқушылар аралық: аудандық, қалалық, облыстық, Республикалық пікірсайыс турнирлері жиі өтіледі. Оған дәлел жақында Риторика дебат клубының Республикалық турнирі өтетіні.
Пікірсайыс дегенміз не? Жастар онымен не үшін айналысады?
Пікірсайыс дегеніміз қоғамдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, талқылануы. Пікірталас тақырыбы әр алуан болады. Мысалы: саясат, әлеумет, мәдениет, құқық қорғау, тіл және тағыда басқалары. Әр бір жас тұлға өз мамандығына оқи отыра, өзгеде өнерден шет қалмай, жан-жақты дамып отыруы үшін пікірсайыспен айналысады. Ораторлық қабілеті мықты, шешен, парасатты, өнерлі Шымқала жастарының айналысатын ісінің бір бөлігі міне осы.
Сондай-ақ жастар кітапханаға барып білім іздеумен, сауатын дамытумен айналысады. Қаламызда 40қа таяу кітапхана күнделікті жұмыс істеп тұр. Тау тұлғалардың өмірін зерттеп, еңбектерін оқыған жастар олармен кездесу айдарына баруды да жөн көреді. Алаштың алып тұлғаларының өмірін зерттеп, олар өмір сүрген жерлерге зиярат етугеде барады. Осының өзінен-ақ Шымқала жастарының уақытының тиімді пайдалана алуы байқалады.
Мақаламыз барысында мемлекеттің жастарға жасап берген жағдайын айтпасқа болмас. Шымкенттің 4 ауданында да жастар ресурстық орталығы(ЖРО) жұмыс жасап тұр. Онда жастар кәсіпкерлермен, психологтармен, қоғам қайраткерлерімен коворкинг залдарында жиі сұхбаттасу сағаттарына барады. Ал түстен кейін караокеде ән салып, теннис, шахмат ойындарын ойнайды. Жастарға арнап спорттық жарыстарды да жиі өткізіп отырады. Атап айтатын болсақ воллейбол, баскетбол, теннис және тағыда басқалары. Ақыл ойдың зерек, шапшаңдығына қоса, спорттық тұрғыдан Шымқала жастарының ептілігінің сыры осыда жатыр.
Өнер білім қуу, іздену сауаттылық үшін керек, ал спорт денсаулық кепілі. Енді жастарымыздың ішкі-жан дүниесінің қайырымдылығына назар аударсақ. Шымқаламызда жастардан құралған бір қатар қайырымдылық ұйымдары жұмыс жасап тұр. Ерікті болып волонтёрлық жұмыс атқарып жүрген жастарымызды жиі-жиі автобустардан көруіміз дәлел. Балалар үйімен, қарттар үйіне барып көңілі жарым жандарды қуанту мақсатында өнер көрсетіп жүрген жастарда аз емес. Осының өзінен-ақ біздің қоғамымызда қайырымды жастар өсіп келе жатқанын түсінеміз.
Мақаламызды қорытындылай келетін болсақ, бүгінгі жастарымыз, ертеңгі болашағымыздың кемелді кепілі. Өнер білімді меңгерген, қайырымды әрі ержүрек жастарымыз барда Шымқаламыздың болашағы зор, айқын болмақ. Жүрегінде иманы, санасында ақылы бар жастар қаланың көркейіп,дамып келуіне үлкен септігін тигізіп отыр. Сөзімнің соңын дәлірек айтқанда, қазақ утопиесін жазған Әл-Фарабидің армандаған қайырымды, идеал қаласы, бірер жылда Шымкент болуы әбден мүмкін.
Ал ол әрине, жастарға байланысты.
Мақала авторы: Абдықадыр Нұрсара