basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңа Қазақстан

Шымкенттік аналар ұлттық құндылықтарды насихаттады

Ақпан 21, 2023
in Жаңа Қазақстан
0
Шымкенттік аналар ұлттық құндылықтарды насихаттады
0
SHARES
34
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Қаратау аудандық ардегерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Аналар-дәстүрімнің бал қаймағы» атты аудандық аналар байқауы өткізілді.

Бастаманың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазіргі Қазақ Анасы бейнесін қалыптастыру, ұлттық дәстүрімізді, салтымызды жас ұрпаққа кеңінен насихаттау.

Іс-шара барысында аудан басшысы Рақымберді Жанысбекұлы сөз сөйлеп, байқауға қатысқалы отырған барша өнерлі аналарға сәттілік тіледі.

«Ұлттық құндылықтар – халқымыздың басты байлығы. Оны өскелең ұрпақ санасына сіңіру – сіз бен біздің басты парызымыз! Оның ішінде халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау міндетіміз. Қазіргі қоғамда нағыз Қазақ Анасының бейнесін қалыптастыру, қазақ қыздарына ұлт құндылықтарын дәріптеу арқылы біз өз құндылықтарымызды өркендетуге үлес қоса аламыз»-деді өз сөзінде аудан әкімі.

Жалпы байқауда аналар ережеге сәйкес 4 кезең бойынша сынға түсті. Қорытындысында барлық қатысушы аналар арнайы номинациялармен марапатталып, аудан әкімінің сыйлықтарын иемденді.

Жалпы байқау нәтижесіне сәйкес «Парасатты Ана» номинациясымен – Төлепова Талиға, «Асыл Ана» номинациясымен – Нұрымова Зерхан, «Ақ Ана» номинациясымен – Жұмабаева Ақмарал аналарымыз марапатталса, «Дана Ана» номинациясының иегері атанған Исмаилова Болсынай анамыз байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды.

Tags: 3 мегаполисаналар байқауышымкентҚаратау ауданы
Previous Post

"Қарлығаш" балабақшасы Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасады

Next Post

Шымкентте көктемнің алғашқы күнімен әскерге шақыру науқаны басталады

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі