basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА БІР АУЫЛҒА АУЫЗ СУ БЕРІЛДІ

Сәуір 13, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА БІР АУЫЛҒА АУЫЗ СУ БЕРІЛДІ
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Сауран ауданы, Аша ауылына таза ауыз су берілді. Жоспарға сәйкес ауыз сумен қамту жұмыстарының ІІ кезеңі іске қосылып, ауылдың барлық тұрғындары таза ауыз суға қосылды. Бұған дейін тұрғындар құдық суын пайдаланып келген. Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге келген аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев алдағы уақытта тағы да бірқатар ауыл тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізетінін атап өтті.
– Өркениетті елдерде тұрмысқа қажетті игіліктер шалғай ауылдарда да қолжетімді болуы тиіс. Бұған Үкімет те айрықша көңіл бөлуде. Су – тіршіліктің нәрі. Бүгін сіздер үшін тіршілік қайта оянды. Себебі көптен күткен ауыз суды іске қосқалы жатырмыз. Қуаныштарыңызбен құттықтаймын, – деді аудан басшысы.
Жоба құны – 628,203 млн.тенге. Тереңдігі 720 метр 2 дана су ұңғымасы қазылған. 2 дана сыйымдылығы 200 м3 су қоймасы салынды. Сондай-ақ магистральді таратушы құбырдан – 22,27 шақырым, абоненттік құбырдан – 13,753 шақырым жүргізілді. Бас мердігер мекеме – «Саулет-Бетон» ЖШС. Ал авторлық қадағалаушы мекеме – «ПСИ Каз Нур» ЖШС. Техникалық қадағалаушы мекеме – «SK Best Spes Story KZ» ЖШС.
Ауданға қарасты Ескі Иқан, Ибата, Қосмезгіл, Жүйнек, Қарашық, Шорнақ елді мекендерін таза ауыз суға қосу бойынша жобалық-сметалық құжаты жасалып жатыр. Көп ұзамай аталған ауыл тұрғындары да ауыз суға қол жеткізеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

МАГИСТРАЛЬДІ КӨШЕЛЕР КҮНДЕЛІКТІ ТАЗАЛАНАДЫ

Next Post

БИЫЛ 40 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі