2023 жылдың 15 қараша күні аудан аумағындағы азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған жұмысшы топ құрамымен бірге, аудан орталығындағы «Ешанқұл ата» орталық базары мен сауда нүктелеріне (дүкен, супермаркет) мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңға, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы маңызды мәселе.
Яғни, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын шекті рұқсат етілген мөлшерінен асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әр бір сауда нүктелерінің иелеріне Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бағаларының сақталуын қамтамасыз етуді және шекті мәнінен асқан жағдайда заң аясында айыппұл салынатындығы жөнінде толыққанды ақпарат жұмыстары түсіндірілді.
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі соңғы аптада 99,8%-ды құрап, республикада бірінші орынға шықты. Өңір бағаны тұрақтандыру бойынша жыл басынан бері 101,3% көрсеткішпен республикада екінші орында келе жатыр. Аймақта 3 тауар, яғни, рожки, пияз және сәбіз бойынша баға төмендеуі байқалған. Көкөніс өнімдерімен қатар, Тұрақтандыру қорында форвардтық келісім, «айналым схемасы» және барлық әлеуметтік азық-түлік тауарлары бойынша 4,5 млрд. теңгеге 17 мың тоннадан астам қор жасақталған. 2023 жылғы 16 қазандағы жағдайға
Облыс әкімі аппаратының мәжілісінде өңір басшысы Дархан Сатыбалды бағаны тұрақтандыру, тауар тапшылығының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүелі түрде жалғастыруды тапсырды.
– Халық және көпбалалы отбасылар саны жөнінен Түркістан облысы алғашқы орында. Сондықтан бағаның тұрақты әрі азық-түліктің жеткілікті болуы аса маңызды. Тұрақтандыру қоры тұрақты түрде толықтырылып, маусымаралық кезеңде бағасы өсуі мүмкін азық-түлік пен көкөніс қоры жасақталсын. Қатаң қадағалап, бақылауда ұстаңыздар. Екіншіден, облыстың екі аумағынан көкөніс сақтау қоймасын салу жұмысын жеделдеткен жөн, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовтың айтуынша, азық-түлік тауарлары бағаларын қолжетімді ету үшін 30 әлеуметтік дүкен қызмет етеді, қосымша 20 дүкен іске қосылуда. Бағаны негізсіз өсірмеу және сауда үстемесін асырмау үшін қала аумағындағы барлық негізгі супермаркеттермен меморандумдар түзілген. Супермаркеттермен міндеттемелердің орындалуы тұрақты мониторингтік бақылауда.