basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Қараша 16, 2023
in Жаңалықтар
0
ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енгеніне 30 жыл толып отыр. Сонымен қатар, бұл күн елімізде қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де атап өтіледі.
Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алады. Арада үш күн өткенде, яғни 15 қараша күні ел аумағындағы жаңа сауда-саттық жасау құралы ретінде төл теңгеміз қолданысқа енді.
Ескі үлгідегі ақшаларды Қазақстанның жаңа теңгесіне айырбастау 20 қараша күні аяқталды. Айналымнан жалпы сомасы 950 миллиард рубль алынып тасталды. Ұлттық валюта ұлттық экономикамыздың іргетасын қалауға тікелей ықпал етті.
Күллі қазақтың мақтанышына айналған тұңғыш теңгенің тұңғыш келбетінде әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай және Әбілхайыр мен Абылай хандар секілді Қазақ елінің мақтанышына айналған аңыз адамдарының суреті бейнеленді.
Ақшаны айналымға енгізбес бұрын оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды болатыны айқын. Өйткені, оңай жолмен «жеңіл» пайда тапқысы келетіндер кез келген валютаны қолдан жасауға тырысады. Сондықтан, кез келген мемлекет ақшаның дизайны мен қорғаныш сызықтарын күшейтуге мүдделі. Осыған байланысты 2006 жылы теңгенің дизайыны өзгерістерге ұшырады. Ондағы суреттер алынып тасталып, оның орнына қорғаныштарын бекіте түсті. Содан кейін 2, 5 және 10, 20 мың теңгелік банкноттар пайда болды. Бұл теңгелер көрікті дизайнымен көзге түсіп, талай халықаралық байқауларда жеңімпаз атанды.
Бүгінгі теңге тұтастай Қазақстан мен оның барша азаматтарының дербес тіршілігінің, мемлекет тәуелсіздігінің айғағы болып отыр. Ұлттық валютамыз түрлі қаржы дағдарысына төтеп беріп қана қоймай, жұртшылық тарапынан инвестициялық сенімге де ие болды.
Әрине, теңгеміздің талай дағдарыстарға төтеп беріп, тегеурінді валютаға айналуында қаржы саласының қызметкерлерінің, оның ішінде экономистер, банкирлер, салықшылар және бухгалтерлердің ерен еңбектері бар. Бүгінде мемлекетіміздің алдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асыруда қаржы секторының алар орны ерекше. Сондықтан да, еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты.

Previous Post

САУРАН АУДАНЫ: ҚАРАШЫҚТАҒЫ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ

Next Post

ОТЫРАРЛЫҚ КӘСІПКЕР ЖЫЛЫНА 20 ТОННА БАЛЫҚ ӨНДІРУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі