Аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі, Ақүй елді мекеніндегі жаңадан заманауи үлгіде салынып жатқан білім беру ордасының құрылыс жұмыстарымен танысты.
-Бастысы бәсекелестік заманда білімді кадр одан бөлек балалар қауіпсіздігі мен қолайлығы басты назарда болуы керек- деді құрылыс нысанында болған аудан басшысы Арман Абдуллаев .
«Ошақбай Тұрымов» атындағы зияткерлік білім беру мектебі бір ауысымда 600 оқушыға білім беру қарастырылған.
Құрылыс жұмыстарын келесі жылы аяқтау жоспарлануда.
Естеріңізде болса, осыдан екі жыл уақыт бұрын елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба қолға алынған. Бүгінде базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру мақсатында іске асырылып жатқан жобаның негізгі бағыттарының бірі – 491,1 мың жұмыс орнын, оның ішінде 15,7 мың тұрақты жұмыс орнын және 475,4 мың уақытша жұмыс орнын құру еді. Сәйкесінше, аталған бағыт бойынша қазіргі уақытта Түркістан облысында біршама жұмыс атқарылып келеді. Әсіресе, облыс орталығы мен аудан, қалалардағы индустриалды аймақты дамыта отырып, тұрғындарды жұмыспен қамту істері көзге де, көңілге де қуаныш сыйлайды. Тиісінше, бүгінгі мақаламыз осы тақырып аясында өрбімек. Жалпы, бүгінгі таңда күнгей өлкеде тоғыз бірдей индустриалды аймақ бар екен. Олар облыс орталығында, Кентау шаһары мен Созақ, Ордабасы, Мақтаарал, Қазығұрт, Шардара, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында орын тепкен. Қазіргі уақытта аталған аймақтардағы индустриалды аймақтардың жалпы аумағы – 544 гектарға жетіпті. Ал, осы аймақтарда жалпы құны 4676 миллиард теңгеге жуықтайтын 67 жоба іске асырылып жатса, аталған жобалар аясында 3700-ге тарта жаңа жұмыс орны жасақталған екен. Қазір оның арасындағы 44 жоба жүзеге асырылып, жұмыстар жүргізіліп жатса, қалған 23 жобаны 2023-2024 жылдар аралығында іске қосу көзделген.