basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА СӘНІ МЕН СӘУЛЕТІ ЖАРАСҚАН ЗӘУЛІМ МЕШІТ АШЫЛДЫ

Қараша 17, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА СӘНІ МЕН СӘУЛЕТІ ЖАРАСҚАН ЗӘУЛІМ МЕШІТ АШЫЛДЫ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Арыс қаласында жалпы халықтың қаржылай қолдауымен және сауапты іске жұмыла қалатын жомарт жандардың демеушілігімен сәні мен сәулеті жарасқан зәулім мешіт ашылды.
Бір мезетте 2000 адам құлшылық жасай алатын ғибадатхананың ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова, мешіт салуға атсалысқан кәсіпкерлер мен тұрғындар және қадірлі қонақтар қатысты.
Салтанатты жиын ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфтидің бұйрығымен жаңа мешіттің имамы болып тағайындалған Берік Үйсінбаев қасиетті Құран Кәрімді тиләуат етуімен басталды.
Бұдан кейін, еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөз сөйлеп, жаңа мешітке құран кітап сыйлады.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мешіттің салынуына үлес қосқан азаматтар мен кәсіпкерлердің ұйымшылдық көрсетіп, аз уақытта мешітті тапсырып отырғанына алғыс айтты. Мешіт жастарға имани тәрбие беріп, асыл дінімізді насихаттайтын құтты мекенге айналады деп сенім білдірді.
Айта кетейік, жаңа мешіттің мінәжат залы 1500 шаршы метрді құрайды. Құрылыс сәулеті ұлттық нақышпен көмкерілген. Қала іргесінде, тоғыз жолдың торабында орналасқан ғибадатханаға әрқайсысы биіктігі 33 метр болатын төрт мұнарасы, үлкенді-кішілі 17 күмбезі орнатылған. Үш қабаттан тұратын мешітте бір мезетте 2 мың адам құлшылық ете алады. Мұнда конференция залы, кітапханасы, дәрісханалар, бір үлкен әйелдер залы, неке және имамдар бөлмесі бар. Сонымен қатар 100 автокөлікке арналған автотұраққа орын бөлінген. Мешіт аумағында 150 кісіге арналған асханасы да қарастырылған. Жаңа мешітке діни басқарманың шешімімен «Хәзірет Әбу Бәкір әс-Сыддық» атауы берілді.
Мешітті жаңа кілеммен жабдықтауға және осы мешіттің салынуына бас демеуші болған танымал блогер, психолог Балқия Балтабай атсалысқан. Ол салмағы 9 тоннаға жуық болатын, өте сапалы, қой жүнінен тоқылған кілемді өз қаржысына Түркиядан арнайы алдырып, сыйға тартты.
Жаңа мешіт жанынан 300 балаға арналған «Әз Тәуке хан» қарилар дайындау орталығы (жатақханасымен), спорт кешені, тәлім беруші ұстаздарға арналған 6 қызметтік үй мен адал мейрамхана, сондай-ақ 300 орындық қыздар медресесі орналасқан.
Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАРИХИ КҮНІ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН СӘБИЛЕРГЕ СЫЙ-ҚҰРМЕТ ЖАСАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА АЛЮМИНИЙ ПРОФИЛЬДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі