basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ТАЛАНТТАР «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Қараша 17, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ТАЛАНТТАР «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Елордада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының соңғы кезеңі өз мәресіне жетті. Аталған жоба өскелең ұрпақты, оның ішінде этнос өкілдерінің жас жеткіншектері арасында қазақстандық бірегейлікті мемлекеттік тілді меңгеруге ынталандыру арқылы дамытуға бағытталған.
Салтанатты іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ.Ысқақов, ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен «Мың бала» жобасының өңірлердегі жеңімпаздары қатысты. Солардың қатарында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Ербас Өтегенов бастап барған өңірдің жас таланттары да бақ сынап, өнер көрсетті.
ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ.Ысқақов өз сөзінде мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде ілгерілетудің маңыздылығына баса назар аударып, Министрліктің әлеуметтік желілерде этносаралық тақырыпқа қатысты сапалы қазақ тілді контентті дамытуға, түрлі әлеуметтік-мәдени топтардың жастары үшін бірыңғай мәдени кеңістікті қалыптастыруға бағытталып, іске асырылып жатқан жобалар туралы айтты. «Мың бала» жобасы аясында барлық аймақта жыл бойы түрлі бағыттар бойынша қазақ тілін меңгеруге арналған 6 мыңнан астам іс-шара мен байқаулар өткізілді. Биыл жобаға 320 мыңнан аса бала қатысты.
«Мың бала» жобасының қорытынды кезеңінде вокал, домбыра мен қобыздағы орындаушылар «Өнерлі өрге жүзер», ал мәнерлеп оқитындар мен жас ақындар «Жарқыра, жас дарын!» номинациялары бойынша барлығы 35 өңірлік жеңімпаз марапатталды. Бұл орайда түркістандық Дильноза Тоджимет «Өнерлі өрге жүзер» байқауында жеңімпаз атанып, ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілхановтың Алғыс хатымен мапапатталды. Дильнозаның жетекшісі – Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта мектебінің «Домбырамен ән айту» ақылы үйірмесінің жетекшісі Ұлжалғас Әбілдахан. Тағы бір жерлесіміз Шахсанам Рустамова «Жарқыра, жас дарын!» байқауында топ жарып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның Алғыс хатымен мапапатталды. Шахсанамның жетекшісі – Е. Иззатуллаев атындағы жалпы білім беретін мектептің Қазақ тілі және әдебиет пәнінің жетекшісі Ләззат Утешова.
Іс-шара соңында жеңімпаздар қазақ ақындарының шығармасын оқып, мәдениет қайраткерлерінің музыкалық шығармаларын орындады. Сонымен қатар, өздері шығарған өлеңін айтып беріп, өнер көрсетті.
Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА АЛЮМИНИЙ ПРОФИЛЬДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА «МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА ТАҒДЫРЫ» АТТЫ МЕДИАФОРУМЫ ӨТТІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі