basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРЫСТЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

Қараша 17, 2023
in Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРЫСТЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түрлі түйіткілдерімен келген тұрғындар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға өтініш-тілегін тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алды. Өңір басшысы жеке қабылдауларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Тұрғындар көтерген мәселелердің басым бөлігі жүзеге асуда.
Арыс қаласында өткен бірыңғай азаматтарды қабылдау күніне келген шаһар тұрғындарының басым бөлігі жеке басының уәжін жеткізді. Сондай-ақ әлеуметтік, көлік, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым салалары бойынша бірқатар өтініштері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған облыс әкімі көтерілген мәселелерге байланысты жауапты басқарма басшыларына айтылған арыз-шағымдарды назарға алып, шешуді тапсырды.
Ашық есік күніне келген барлық азамат түрлі сұрақтарымен келіп, тиісті жауаптарын алды.
Еркін пікір алмасу форматында өткен жалпы қабылдауға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері қатысып, өтініштердің оңтайлы шешілуіне атсалысты.
Қордаланған мәселелерді мұқият тыңдаған өңір басшысы тиісті сала мамандарына заң аясында шешуді тапсырды. Бұған дейін Кентау қаласы мен Отырар ауданында өткен жеке қабылдау Ордабасы ауданында жалғасын таппақ.
Бүгінгі таңда, өндіріс орны тәулігіне 1500 дана өнім шығарады. Арыстық компания алдағы уақытта өз өнімдерімен тек өңірдің ішкі қажеттілігін өтеп қана қоймай, алыс-жақын облыстар мен шет елдерге жеткізуді жоспарлап отыр. Жобаны іске асыруға инвестор 100 млн. теңге жұмсаған. Оның аясында 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Mega-Agat» серіктестігінің екінші жобасы – жылы еденге арналған пластикалық құбырлар (шлангі) шығару. Облыс көлемінде тұңғыш рет жүзеге асырылып жатқан жоба құны 100 млн. теңгені құрайды. Мұнда барлық негізгі жұмыстарды шет елден әкелінген арнайы құрылғылар атқарады. Өндірілетін өнім стандарттық талапқа сай суыққа төзімді полиэтиленнен жасалады. Зауыт тәулігіне 2000 шаршы метр өнім шығарады. Бүгінде жергілікті 6 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Өңір басшысы кәсіпорындарды көбейту бағытындағы жұмысты күшйетуді тапсырды.
– Облысты дамытудың басым бағыты – кәсіпорындар ашу. Жергілікті әкімдіктер кәсіпкерлікпен айналысамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетуі тиіс. Оны үнемі айтып жүрмін. Елімізді қамтып қана қоймай, шетелге өнім экспорттау арқылы экономика көтеріледі, – деген Дархан Сатыбалды осындай жобаларды көбейту керектігін айтты.
Арыс қаласында полиэтилен пакет шығаратын цех іске қосылған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «ADM HOLDING» өндіріс орнының жұмысымен танысты.
Полиэтилен пакетін шығаратын цехта жаңадан 10 жаңа жұмыс орны ашылған. Жылдық қуаттылығы 1 200 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Зауыт құрылысы мен жаңа аппараттарды сатып алуға кәсіпкер 100 млн. теңге инвестиция жұмсаған.
Мұнда екі түрлі қаптамадағы пакет шығарылады. Өнімдер Арыс қаласынан бөлек, облысқа қарасты аудан-қалалаларға жөнелтілуде. Кәсіпкердің айтуынша негізгі тапсырыс берушілер – дәріхана желілері мен бренд маркалы түрлі тауар өндірушілер. Себебі, цех тапсырыс берушінің қолайына орай пакет жақтамасына бренд атауын жазып беру қызметін де ұсынады.

Previous Post

КЕЛЕС: ОШАҚТЫДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР САНЫ АРТУДА

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАР КӨМІРМЕН ТІКЕЛЕЙ ӨНДІРУШІДЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі