basmedia.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 121-66-56
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
basmedia.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕС: ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ ХАЛЫҚ САНЫН 20 МЛН-ҒА ЖЕТКІЗГЕН СӘБИЛЕР МЕН АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қараша 17, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕС: ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ ХАЛЫҚ САНЫН 20 МЛН-ҒА ЖЕТКІЗГЕН СӘБИЛЕР МЕН АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылдың 14 қарашасында Қазақстанда халық саны 20 милллионға жетіп, тарихи оқиға тіркелді. Осы орайда Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев «Абай» Келес аудандық ауруханасына барып, еліміздегі халық санын 20 млн-ға жеткізген сәбилер мен аналарға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтарын табыстады.
– Ауданымызда жыл сайын орта есеппен 3,5 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Бүгінгі күні елімізде тарихи оқиға орын алып, халқымыздың саны 20 миллионнан асып отыр. Осы қуанышты өздеріңізбен бөлісейін деп арнайы келіп отырмын. Қолдарыңызға алған сәбилеріңіз ел үмітін ақтайтын үлкен азаматтар бола берсін. Өз кезегінде аналарымыздың денсаулығына бей-жай қармай бар мүмкіндігін іске салатын ақ халытты дәрігерлерімізге алғысымды білдіргім келеді. Біз дәрігерлеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз, олар күн сайын жүздеген мың науқастарды қабылдайды, миллиондаған жедел жәрдем шақыруларына қызмет көрсетеді, мыңдаған күрделі операциялар жасайды, сәбилердің аман-есен дүниеге келуіне көмектеседі. Баршаларыңыздың шаңырақтарыңызда сәби үні естіліп, бақытты ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін, – деді аудан басшысы.
Келес ауданы бойынша ағымдағы жылдың 10 айында 3 мыңға жуық нәресте дүние есігін ашқан. Ал аудандағы «Алтын алқа», Күміс алқа» атағын немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған сонымен қатар, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен мараптталған 5 524 ана тұрса, көп балалы аналардың саны – 14 мыңнан асып жығылады. Келес ауданындағы отбасылардың 80 пайызы – көпбалалы отбасылар болып табылады.
Жалпы демография динамикасына сәйкес, тәуелсіздік алған жылы Қазақстан халқының саны 16,4 миллион адамды құрады. Содан бері ел халқының саны 22-ден астам пайызға өсті. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, өңірлер бойынша халықтың ең көп өсуі Шымкент қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалды – 22-24%.

«Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихында бала туудың ең жоғары мәні 2021 жылы тіркеліп, 446 мың баланы құрады. Ал көші-қонның ең жоғары оң сальдосы 2006 жылы болды. Биылғы жылдың деректеріне сәйкес, тоғыз айда дүниеге келгендер саны 291 мың адамды құрады. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 194,8 мың адамды құрады. Бұл орта есеппен бір айда 22 мың адам немесе күніне шамамен 750 адам деген сөз», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша оң сальдо қалыптасты, яғни, елімізге тұрақты тұруға сыртқа кеткеннен гөрі көп адам келген.

Спикер облыстар бөлінісіндегі халықтың қазіргі саны бойынша тұрғындардың ең көп саны Түркістан облысында – 2,1 млн, Алматы облысында – 1,5 млн, Жамбыл облысында – 1,2 млн адамды құрағанын атап өтті.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 13 ЗАҢСЫЗ ОЙЫН ЗАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРЕЯ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ЕЛІМІЗДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Пікір үстеу Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Facebook Twitter Instagram Youtube

        basmedia.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде basmedia.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2022 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік №KZ71VPY00045020 Электронды почта: mediab@internet.ru

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі