2023 жылы 57 800 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Атап айтқанда: күздік бидай–1050 га, жаздық арпа–1500 га, күріш–1094 га, дәндік жүгері–2850 га, маш – 676 га, мақта – 15259 га, ескі жоңышқа – 16539 га, жаңа жоңышқа – 4160 га, сүрлемдік жүгері – 4119 га, картоп – 250 га, көкөніс – 658 га, бақша – 9227 га, қүнбағыс-400 га егілді. Бүгінге дейін 1050 га күздік бидайдан 3255 тонна, 1500 га жаздық арпадан 4360 тонна, 8617 га бақшадан 232 945 тонна (108 050 тонна, қауын-124 895 тонна), 620 га көкөністен 22 250 тонна, 250,0 га картоптың 152 га жиналып, 586 га дәндік жүгерінің 3500 тонна, 676 га маштың 45 га жиналып, 4100 тонна, 20 717 га жаңа және ескі жоңышқадан 146 000 тонна өнім жиналып, ауыл шаруашылығы жұмыстары, яғни жиын-терім жалғасуда.
Ағымдағы жылдың 8 айында жергілікті бюджетке 2 млрд 625,9 млн.теңге түсіп, жоспар 90,4 млн.теңгеге немесе 103,6% артық орындалса (жоспар 2 535,5 млн.теңге), шығыстар бойынша жоспардағы 7 101,7 млн.теңгенің 7 млрд 95,9 млн.теңгесі немесе 99,9% игерілді. (5,7 млн.теңге үнемделген қаржы). Есепті мерзімде 12,7 млрд.теңге өндіріліп, НКИ 106,9% құраса, жыл соңына дейін 19,6 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 103,2% жеткізілетін болады.
2022-2027 жылдары жалпы құны 74,6 млрд.теңгені құрайтын 22 жоба іске қосылып, 940 адамға жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бүгінгі таңға 6 жоба іске асқан (құны 2,4 млрд.теңге, 205 жұмыс орны ашылды). Жыл соңына дейін құны 2,6 млрд.теңгені құрайтын 3 жоба іске асып, 60 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. 2024-2027 жылдарда қосымша құны 69,6 млрд теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асырылады (675 жаңа жұмыс орны).
Есепті мерзімде негізгі капиталға тартылған инвестиция 13,7 млрд.теңгені (135,7%) құраса, жыл соңына дейін 41,5 млрд.теңгеге жеткізу жоспарлануда. Есепті мерзімде 13,7 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 103,2% құраса, жыл соңына дейін 66,6 млрд.теңгеге, НКИ 104% жеткізу жоспарымызда бар.
Шардара ауданында «Ирригациялық дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының 2-кезеңін (ПУИД-2) іске асыру жұмыстары. Ауданда ПУИД-2 (ИДЖЖ-2) жобасы аясында Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент ауыл округтеріндегі 20 630,0 га суармалы егістік алқаптарда орналасқан ағын су нысандарын (каналдар, қашыртқылар, гидротехникалық құрылыстар және т.б.) қайта құрылымдаудан өткізу үшін тиісті жұмыстар қолға алынған. Бүгінгі таңға ағын су каналдарын қайта құрылымдау жұмыстарының 81,8% пайызы (138,2 шқ), ағын су қашыртқылары тазалау жұмыстарының 45,7% аяқталған (185,0 шқ). Жобаның жалпы құны: 23,4 млрд. теңгені құрайды. Іске асу мерзімі: 2019-2023 жылдар. (2022 жылға 6 млрд, 2023 жылға 9,6 млрд. теңге).
Жалпы жөндеуден өтетін каналдардың ұзындығы – 281,1 шқ, оның ішінде: бетонмен қапталатыны – 169,0 шқ, каналдарға орнатылатын қондырғылар – 1433 дана, қашыртқыларды механикалық тазалау – 404,8 шқ, қашыртқыларға орнатылатын қондырғылар – 273 дана. Құрылыс жұмыстарына 45 дана техника, 180 адам қатысуда.
«АУЫЛ – АМАНАТЫ» пилоттық жобасына 4 ауылдық округі енгізіліп, 233 азамат несие алуға ниет білдірген. Атап айтқанда:
Қ.Тұрысбеков а/о 1 кооператив ұсыныс білдіріп, балық шаруашылығын (көлдерде, тоғандарда, торлы шарбақта тауарлы балық өсіру және т.б.), мал бордақылау саласын дамытуды қолға алуда.
Алатау батыр а/о 1 кооператив мал шаруашылығын, оның ішінде: мал басын көбейту, етті бағытта құс шаруашылығын дамытуды жоспарлауда.
Қосымша Көксу және Сүткент а/о бір-бірден кооперативтер құрылып, мал шаруашылығын, оның ішінде: мал басын көбейту саласын, балық, құс шаруашылықтарын дамытуды жоспарлауда.
Бүгінгі таңға 125 азамат несиеге құжат тапсырып, 548,7 млн.теңгені құрайтын 102 жоба мақұлданды, 13 азаматтың құжаты қаралуда.