Жүрек-қан тамырындағы ақауды толық анықтайтын коронарография әдісі қолданылды. Ордабасы аудандық Орталық ауруханасының техникалық базасы шетелдік озық үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Өткен жылы Түркістан облысындағы Ордабасы аудандық Орталық ауруханасының техникалық базасы шетелдік озық үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген болатын. Жуырда аурухана ғимаратына Италия мемлекетінде өндірілген «Euroampli Alien Cardio» жылжымалы ангиографиялық жүйесі жабдығы орнатылып, алғаш рет диагностикалық мақсатта жүрек-қан тамырындағы ақауды толық анықтайтын коронарография әдісімен МӘМС шеңберінде ота жасалды. Ұлыбританиядан және облыстан келген білікті мамандардың қатысуымен жергілікті дәрігерлерге шеберлік сыныбы аясында кардиологиялық 2 ота, неврологиялық, хирургиялық 4 ота жасалғанын да айта кеткен жөн. Әрбір ота небәрі жарты сағатқа ғана созылып, ангиографиялық жүйе науқасқа сәулелік жүктемені орта есеппен 75 пайызға төмендетіп, визуализациялаудың жоғары сапасын қамтамасыз етті. «Аппараттың қан тамыры ауруларының диагностикасы саласында мүмкіндіктері өте үлкен. Бұл – емдеу кезеңіндегі зерттеулер арқылы оталық ем қажеттілігін анықтаудың өте маңызды сатысы. Бұл аппараттың тиімділігі сол, сырқаттың себебін дәл анықтау мүмкіндігі орасан. Ерекшелігі, ота тамырдың ішінде жабық түрде жасалады. Мәселен, қан кеткен және жүрмей қалған тұсты тез анықтап, тамырды бітеуге, модельдеуге, қалпына келтіруге, тар тамырды кеңейтуге мүмкіндік береді. Науқас ояу жатып, мониторға қарайды. Науқаспен сөйлесе отырып, нәтижесін байқап отырады. Ал, ашық ота кезінде сырқатқа наркоз беріледі. Ота кемінде 3-4 сағатқа дейін созылады», – дейді сала мамандары.
Түркістан облысында алғаш рет, 2024 жылғы 13 қаңтарда «Түркістан қалалық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында стационардың интервенциялық кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Б.Усмановтың жетекшілігімен кенеттен жүрек өлімі қаупі жоғары пациентке кардиовертер – дефибриллятордың тері астындағы жүйесін имплантаттау бойынша мастер – класс өтті.
Мамандар 62 жастағы ер адамға «Диталациялық кардиомиопатия. Жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек ортасы фибрилляциясы. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» диагнозымен сәтті операция жасады. Мастер-класс өткізу үшін арнайы ҚР бас штаттан тыс аритмологы, «Қазақ аритмологтар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор А. Әбдірахманов шақырылды.
Кардиовертер-дефибриллятор – бұл электрондық антиаритмиялық құрылғы , бұл жүрек ырғағын басқаруға арналған күрделі компьютер, оның өлшемдері кішкентай және кеуде қуысының бүйірлік үстіңгі жағындағы тері астына салынған. Бір минутқа да жұмысын тоқтатпай, құрылғы жүрек қызметін бақылайды.
Өмірге қауіп төндіретін аритмия (қарыншалық фибрилляция) пайда болған кезде құрылғы жоғары электр энергиясының разрядын қамтамасыз етеді, содан кейін дұрыс ырғақ қалпына келеді және жүрек өз жұмысын қалпына келтіреді.