Қазіргі уақытта ҚЫЗЫЛША және ЖРВИ бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Осыған байланысты, Тасты ауылының Абай жалпы орта мектебінің мектеп мейіргері А.Қасқабаева 6-сынып оқушыларына «Қызылша және ЖРВИ алдын алу» тақырыбында профилактикалық семинар ұйымдастырды.
Оқушыларға қызылшаға қарсы сенімді құрал – уақтылы
вакцинация екенін айтты. Сонымен қатар, қызылша – дене қызуының көтерілуі, мұрыннан су ағуы, жөтел сияқты ЖРВИ белгілері ұқсас вирустық ауру, аурудың 4-5 күнінен бастап бөртпе пайда болатынын түсіндірді.
«Қызылша жоғары жұқпалығымен және ауа тамшылары арқылы берілуімен сипатталады. Инфекция көзі тек науқас адам. Қызылша ауруы бар науқас басқаларға денеге бөртпе шығудан 4 күн бұрын және 4 күннен кейін қауіпті. Қызылша қазіргі кезде көбінесе балалық шақта вакцинацияланбаған адамдар арасында тіркеледі. Сондықтан ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес екпе алған дұрыс » – деді дәріс барысында.
Сөз соңында медицина қызметкері иммунитетті сақтауда тамақтанудың, ұйқы және еңбек режимінің рөлі маңызды екенін атап өтті. Және де оқушыларға денсаулықтарына мұқият қарап, уақтылы медициналық көмекке жүгіну керек екенін түсіндірді.Қызылша-бұл ауа тамшылары арқылы таралатын өте жұқпалы ауру. Көбнесе балаларда кездеседі. Оның белгілері дене қызуының көтерілуі мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады. Бұл 100% жұқпалы ауру, яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе жұқтыру қаупі өте жоғары. Міне, сондықтан инфекция ошағында вакцина және эпидемияға қарсы шараларды жасауды қатаң сақтау өте маңызды.
Ауру себептері -инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді. Инфекция көзі-ол айналадағыларға 2 күн инкубациялық кезеңнен 4-ші күнгі бөртпелер шығып ауырған адам. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды.
Қызылшаның белгілері -есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі сияқты белгілер болады. Кейініректе конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы байқалады. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады. Осы кезде дене қызуы қатты көтеріледі, тұмау белгілері күшейеді. Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда, содан кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады. Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы 40.5°. қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады.
Қызылшаның инкубациялық кезеңі-бұл аурудың бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады.
Қызылшаның алдын алу -қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қазақстан Республикасында алдын-ала егу балаға екі рет 12 айда және 6 жасында жоспарлы түрде тегін жүргізіледі, екі рет алдын-ала егілгендердің иммунитеті 95% құрайды, сондықтан алдын-ала егу жұмыстарына немқұрайлы қарамай балаларыңызды уақтылы алдын-ала екпе ектіріңіздер. Шұғыл вакцинациялау науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.