Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарына 75 дана жедел жәрдем санитарлық автокөлік табыстаған болатын.
Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған «Hyundai i30» маркалы жедел жәрдем автокөлігінің екеуі ауданымызға жеткізілді.
Бұған қоса аудан басшысының бастамасымен Жуантөбе ауылыны тұрғындарының талап-тілектері негізінде облыстық жәдел жәрдем станциясы тарапынан ауылдан «103» жедел жәрдем бөлімшесі ашылып, қосымша 1 дана жедел жәрдем автокөлігі табыс етілді. Сондай-ақ аудандық орталық емханаға жасанды дем беретін аппарат пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жылжымалы медитциналық жиынтығы орналастырылған 65117-1029 маркалы Камаз көлігі жеткізілді.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков заман талартарына сай жасақталған медициналық көліктерді аудан орталығында қарсалып, қуанышты жағдаймен бөлісті.
–Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласы мемлекетіміздің басты назарында. Облыс басшысының бастамасымен бұл сала бойынша өңірден жаңа нысандар салынып, дәрігерлердің біліктіліктерін арттыра отырып, жедел жәрдем көліктерімен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгін міне ауданымызға 3 жедел жәрдем және жылжымалы медитциналық жиынтығы орналастырылған көліктер мен жасанды дем беретін аппарат жеткізіліп, қуанышты жайытты сіздермен бірге еңсеріп отырмыз. Ауданнан шалғайда орналасқан Жуантөбе ауылы тұрғындарының түйіткілді мәселелерінің де түйіні шешіліп отыр. Адам өмірі мен оның денсаулығына бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да еселене түсетін болады,-деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы сала бойынша алда атқарылар міндеттер мен жоспарларына тоқталып өтті.
Айта кетейік жаңадан тапсырылған «Hyundai i30» маркалы санитарлық автокөліктері заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл көліктердің біреуі Қыземшек дарігерлік амбулаториясына, біреуі Жуантөбе ауылына берілсе, енді бірі аудандық орталық емхананың IV ші жеделділік санатында қызмет көрсететін жедел медициналық жәрдем бригадаларына берілді.
Сонымен қатар, жылжымалы медитциналық жиынтығы орналастырылған 65117-1029 маркалы Камаз көлігінде диагностикалық рентген аппараты, стомотологиялық қондырғы, медциналық зертхана, ЭКГ сынды адам денсаулығына қажетті қызметтердін бірнеше түрі орналастырылған.