Түркістан қаласында қазіргі таңда 570 төсек-орындық заманауи көпбейінді облыстық аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 50%-ы аяқталған. Облыстың бас ауруханасын 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Бұдан бөлек, Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасына сәйкес, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында облыста 4 аудандық орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде Ордабасы аудандық орталық ауруханасының жөндеу жұмыстары толық аяқталып отыр. Сондай-ақ, Сарыағаш пен Жетісай аудандық орталық ауруханалары биыл жыл соңына дейін ел игілігіне пайдалануға беріледі. Сайрам ауданындағы медициналық нысанның жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталады. Бұдан бөлек, күрделі жөндеуден өткен барлық медициналық мекемелер материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен қатар, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 49 жаңа алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанын салу жоспарланған.3 жылға жоспарланған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында салынған медициналық нысанның 50-ден астамы жыл аяғына дейін ел игілігіне беріледі. Қалған 550 ғимараттың құрылысы алдағы жылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Денсаулық сауқтау министрі биыл отандық денсаулық сақтау саласы үшін маңызды жыл болды дейді.
Атап айтсақ Республика өңірлерінде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны мен 80 медициналық мекеме жөнделді. 4 көпсалалы аудандық ауруханада күрделі жаңарту жұмыстары басталды. 58,8 млрд теңгеге 514 бірлік медециналық техника сатып алынды.
Ал стационарларда 3 млн-ға жуық адам емделді. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек желісі 90 млн-нан астам науқасты қабылдаса, жедел жәрдемге жүгінген 8 млн-нан аса адамға тиісті көмек көрсетілді.Ауруларды ерте анықтау мақсатында бүйректің, асқазан-ішек жолдарының, тыныс алу ағзаларының, қуықасты обырының кеңейтілген скринингі енгізілді. Профилактикалық тексерулер нәтижесінде 1,1 млн. ауыл халқы, 62 мың науқастар анықталды.
Шалғайдағы ауылдар мен станциялардың 1,7 млн. астам тұрғыны жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерін пайдалана алды. Олар мамандардың 1,4 млн. консультациясын алды, 107 мың науқас анықталды, 690 мың диагностикалық және 465 мың зертханалық зерттеулер жүргізілді.