Халықтың денсаулығын жақсарту ісіндегі жетекші рөл елдің барлық халқын медициналық қызметтермен қамтитын медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметінде қалады және басты назар ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігіне қарай күшейтіледі.
Бастапқы буын ұйымдарының желісін 3,7%-ға кеңейтудің есебінен еліміздегі амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жалпы саны 3 324-ті құрайды, МСАК қызметтерімен қамту өсуде.
2023 жылы өткен жылмен салыстырғанда МСАК ұйымдарына бару саны 8,1%-ға, пациенттердің жүгінуі 118,8 млн-нан 128,4 млн-ға дейін ұлғайды, бұл бастапқы деңгейде қызметтердің қолжетімділігін жақсартудың тұрақты үрдісін көрсетеді.
Өткен жылы амбулаториялық деңгейде пациенттер 324 млн консультациялық-диагностикалық қызмет алды немесе бұл 1 тұрғынға шаққанда 16-дан астам қызмет. Бұл ретте 1 миллионнан астам адам қымбат диагностикалық қызметтермен (КТ/МРТ) қамтылды.
Бастапқы деңгейде скринингтік тексерулермен 2,8 млн. ересек халық қамтамасыз етілді, 388 мың адамда ауру анықталды, 220 мың адам диспансерлік есепке алынды.
Сонымен қатар, 2023 жылы ауыл тұрғындары үшін кеңейтілген скрининг енгізілгенін атап өткен жөн, оның шеңберінде бүйрек, асқазан-ішек жолдары, тыныс алу ағзалары, қуықасты безі обыры ауруларын ерте анықтау жүзеге асырылады.
Профилактикалық тексеру нәтижесінде 2,6 млн. ауыл тұрғыны, 62 мың науқас анықталды.
Жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерін 1,7 млн. ауыл тұрғындары пайдаланды, олар 1,4 млн.дәрігерлік консультациялар алды.
Қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтердің саны 3 есе, 2022 жылғы 582 мыңнан 2023 жылы 1,6 млн-ға дейін ұлғайды, бұл ретте телемедициналық қызметтер тізбесінің өзі одан әрі 13-тен 69-ға дейін ұлғайтылатын болады.
МСАК үздік практикалар орталықтарын ашу бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда, оның негізінде озық технологиялар енгізілуде, жергілікті қоғамдастықтардың денсаулық сақтау құрылымдарымен әріптестігі дамуда, ұзақ өмір сүру мектептері, ерлер денсаулығы кабинеттері, созылмалы аурулардың профилактикасы мектептері ашылуда. Бүгінгі таңда 20 үздік практика орталығы ашылды, келесі жылы осындай 27 ҮПО ашу жоспарлануда.
Өңірлерде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде ауылдағы 570 МСАК объектісінің құрылысы жалғасуда. Оның ішінде өткен жылы 80 медициналық объекті жөнделді, 85 МСАК объектісі салынды, 99 объекті белсенді салынуда. Сонымен қатар, ұлттық жобаның шеңберінде 32 КАОА жаңғырту және техникалық жарақтандыру жүріп жатыр, оның құрамында инсульт, кардиологиялық орталықтар, оңалту, хирургия, РҚТБ жұмыс істейтін болады, оларды кадрлармен қамтамасыз ету үшін еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында 2 843 бейінді дәрігер даярланады.