Ордабасы аудандық орталық аурханасының бас мейірбикесі М.Джасимбекова дәрі дәрмектердің дұрыс сақталуы үшін медициналық құрал жабдықтармен аппараттар тұратын ине егу бөлмелерінде қолданылатын гигрометр приборын дұрыс қолдану, өлшеу тиімді пайдалануды бөлімше қызметкерлер арасында мейірбикелерге семинар өткізіп түсіндіру жұмысын жүргізді. Гигрометр – медициналық мақсаттағы құралдарды сақтау үшін пайдаланылатын бөлме ылғалдылығын өлшеп отыратын прибор. Ол дәрілік заттардың емдік тиімділігі мен қауіпсіздігінің бүкіл мерзім бойы сақталуын қамтамасыз етеді. Семинарда ВИТ-1, ВИТ-2 гигрометрлерін пайдалану алгоритмі, пайдалану кезіңдегі қауіпсіздік техникасы көрсетілді.
Халықтың әл-ауқатын жақсартудың басты көрсеткіштерінің бірі – сапалы да қолжетімді медициналық қызмет. Соңғы жылдары елімізде денсаулық сақтау саласын заман талабына сай дамыту мақсатында бірқатар кешенді шара іс жүзіне асырылды. Бұл ретте тұрғындарға мемлекет тарапынан кепілді тегін медициналық қызмет көрсету аясында емделушілерді дәрі-дәрмекпен барынша кеңінен қамтамасыз етудің маңызы өлшеусіз.
4) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау – жарамдылық мерзімі ішінде олардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда өнімді орналастыру (қоймаға жинау;
5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік құжат – дәрілік зат пен медициналық бұйымдардың сапасына, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен сапасының бірдей өлшемдерін қамтамасыз ететін оны анықтау әдістемелеріне қойылатын талаптар кешенін белгілейтін құжат;
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау – олардың сақталуы мен тұтастығын, қоршаған орта факторларының әсерінен қорғауды, қажетті температуралық режимнің (сақтау талаптарының) сақталуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ жалған өнімге жол бермейтін жағдайларда көлік құралының көмегімен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бір тұтынушыдан екіншісіне тасымалдау, жеткізу;
7) дәрілік заттың жарамдылық мерзімі – мерзімі өткеннен кейін дәрілік затты қолдануға болмайтын күн;
8) дәрілік заттың қаптамасы – дәрілік затты бүлінуден және шығынынан қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоршаған ортаны ластаудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;
9) дәрілік субстанция – шығу тегіне қарамастан, дәрілік препараттарды өндіруге және дайындауға арналған белгілі бір фармакологиялық белсенділігі бар зат немесе заттардың қоспасы;
10) дезинфекция – бұйымның үстіңгі қабатындағы немесе бұйымдағы микроағзалардың патогенді түрлерін термиялық, химиялық әдістермен және құралдармен жою процесі;
11) денсаулық сақтау субъектісі – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
12) дератизация – инфекциялық аурулардың көзі немесе оларды тасымалдаушы болып табылатын кеміргіштерді жою;
13) қараңғы жерде сақтау – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жарық түспейтін жерде сақтау;
14) құрғақ жерде сақтау – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ауаның салыстармалы ылғалдылығы 65 пайыздан аспайтын үй-жайларда сақтау;
15) медициналық көрсетілетін қызметтер – нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдік немесе оңалту бағыты бар денсаулық сақтау субъектілерінің іс-әрекетт;
16) медициналық ұйым – медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау ұйымы;
17) медициналық техниканы пайдалану құжаты – медициналық техниканы өндіруші тұтынушылар үшін әзірлейтін, медициналық техниканың, оның құрамдас бөліктерінің құрылымы, іс-әрекет қағидаттары, өлшемдері, сипаттамалары (қасиеттері) туралы мәліметтерді; медициналық бұйымды дұрыс және қауіпсіз пайдалану (мақсатты пайдалану, техникалық қызмет көрсету, сақтау және тасымалдау) үшін қажетті нұсқауларды; кәдеге жарату жөніндегі мәліметтерді; бұйымды өндіруші, жеткізуші және олардың кепілдікті міндеттеру туралы ақпаратты қамтитын құжат;
18) сақтау үй-жайы – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған, арнайы бөлінген және жабдықталған өндірістік үй-жай;
19) таңбалау – тұтынушыға арналған ақпарат бар және дәрілік заттардың затбелгілеріне (жапсырмаларына), контрзатбелгілеріне, кольереткаларына, жазба белгілеріне, қаптамасына және тікелей медициналық бұйымға жазылған мәтін, тауарлық белгілер, шартты белгілер және суреттер;
20) термоконтейнер – жоғары температураның әсерінен қорғауды қажет ететін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдауға арналған жылу өткізбейтін қасиеті және тығыз жабылатын қақпағы бар контейнер (жәшік немесе сөмке), мұнда оңтайлы температуралық режим (+20С-ден +80С дейін) оның қуысына орналастырылған мұздатылған тоңазытқыш элементтерінің көмегімен қамтамасыз етіледі;