Құтырма індеті – Дүние жүзінде және Қазақстанда күрделі мәселелердің бірі болып табылады, бұл індет 150 – ден астам елде тіркелуде. Жыл сайын Дүние жүзінде құтырма індетінен 55 мыңдай адам қайтыс болады екен, яғни орташа есеппен – әр 10 минутта 1 адам құтырмадан қайтыс болады деген сөз.
Індеттің көзі – жабайы аңдар мен үй жануарлары. Бұл індет адамға, ауырған жануарлардың тістеуі, тырнауы және сілекейі арқылы жұғады.
Індет жұқтырған сәттен аурудың алғашқы белгілерінің біліну мерзімі инкубациялық кезең деп аталады. Бұл кезең 10-нан 90 күнге дейін, сирек жағдайда 1 жылдан артық уақытқа созылады. Мұндай жағдайдың болуы әртүрлі себептерге байланысты: қай жерінен тістегеніне (тістелген жарақат бас пен қолда болса – инкубациялық мерзім қысқа, аяқта болса ұзақ); аурудың жасынада байланысты (балаларда – инкубациялық мерзім қысқа, ересектерде ұзақ).
Алғашқы белгілеріне тоқтала кетсек: тістеген жеріндегі жазылып кеткен жара орны қайтадан қызарып қызады, солқылдап ауырады, қышиды, науқаста қорқыныш сезімі пайда болады, мазасы болмайды, ұйқысы бұзылады, дыбыс пен жарыққа тітіркену күшейеді, үреймен ашушаңдық пайда болады.
Қазіргі таңда құтыру ауруын емдейтін арнаулы ем жоқ, клиникалық белгілері байқалса, науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін емес, 100 % қайғылы аяқталады.Құтыру сирек кездесетін ауру болғанымен адам үшін абсолютті летальды инфекция. Дүние жүзінде құтурудан жыл сайын 50 мың адам өлімге ұшырайды және 1 млн. жануар өледі. Вирусты тасымалдаушыларға жыртқыш аңдар: қасқыр, түлкі, қарсақ, шибөрі және үй жануарлары жатады. Үй жануарлары инфекцияны ауырған жабайы аңдармен жанасу кезінде жұқтырады. Құтыру вирусымен ауыратын жануар сау адамды тістеп алғанда немесе терінің зақымдаған жеріне олардың сілекейі түскен кезде вирус ағзаға жұғады. Вирус ағзаға енгеннен кейін, алғашқы белгілерінің білінуі 10 күннен 1 жылдан артық уақытқа созылуы мүмкін, ұзақтығы тістелген орынға байланысты. Құтыру ауруының емі жоқ алайда алдын алуға болады. Құтырудың алдын алу мақсатында құтыру вирусымен ауыратын жануар сау адамды тістеп алғанда барлығы құтыруға қарсы екпе курсын алу үшін тұрғылықты жері бойынша травматологиялық пункттерге медициналық көмекке қаралуы керек. Әрбір адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі — жүйелі құтыруға қарсы екпе алу екенін білу қажет. Өз денсаулықтарыңыз өздеріңіздің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!
Құтырма ауруын болдырмау үшін мынадай сақтық шараларын сақтаған жөн: ит пен мысықты ұстау ережесін сақтау және де итті аулада байлаулы күйде ұстау; балаларды бөтен ит, мысықтарға жақындап ойнамауды түсіндіру керек; үйдегі ит, мысық және ауылшаруашылық малдарын құтырмаға қарсы екпеден өткізу; егерде сіздің итіңізді бөтен жануарлар тістеп алған болса, оған жақындамауға және жануарларыңыздың мінез-құлқы өзгерсе, ветеринарлық дәрігерді шақырту қажет.
Өз денсаулықтарыңыз өздеріңіздің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!
Б.Елемесов
ТО СЭБД басшысының орынбасары