Вакцина немесе екпе – ауру тудырушы микроағзаның шағын, әлсіз бөлігі. Оның құрамында антиген болады. Антиген адам ағзасына түскенде, қатерлі ауруға қарсы иммунитет түзеді. Сол иммунитеттің арқасында адам ағзасы күшейіп, аурумен күресудің жолын табады.Инфекциялық аурулардың иммунопрофилактикасы-профилактикалық егулер жүргізу арқылы инфекция ауруларының алдын алу, таралуын шектеу және жою мақсатында жүргізілетін іс-шаралар.
Вакцинация-бұл медицинадағы жұқпалы ауруларға қарсы тиімді және үнемді құрал.
Адамның иммундық жүйесінің ерекшелігі-ағзаға енетін шетелдік агенттерді және иммунологиялық жадты тану мүмкіндігі. Егер иммундық жасушалар қандай-да бір микробпен кездессе, онда бұл байланыс иммундық жүйенің «жадында» қалады, ал егер сол микроб біздің денемізге қайта енсе, онда иммундық жауап біріншіге қарағанда әлдеқайда қарқынды болады. Бұл алдын-ала қалыптасқан «жад» пен иммунологиялық жад жасушалары шығаратын химиялық заттардың арқасында пайда болады, олар қайталама байланыс арқылы іске қосылады.
Екпе– бұл адам ағзасына әлсіреген немесе өлтірілген микроб, вирус немесе анатоксин бар вакцинаны енгізу. Бұл заттар ауру пайда болған кезде қорғаныс бөлшектерінің (антиденелердің) пайда болуына ықпал етеді.
Вакцина қолдану балалар мен ересектер зардап шеккен және қайтыс болған бірқатар ауруларды азайтуға және жоюға мүмкіндік берді.
Міндетті екпелер (мемлекеттік емханада немесе бала тіркелген жеке емханада) бюджет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі. Осылайша, Қазақстандағы балаларға бала тіркелген емханада міндетті профилактикалық екпелер тегін беріледі. Екпелер тізбесі ҚР Қаулысымен бекітілген.
Тегін қойылатын:
– туберкулезге (БЦЖ);
– гепатитке;
– полиомиелитке, көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге (АКДС);
– b типті гемофилді инфекцияға;
– сондай-ақ пневмококк инфекциясына, қызылшаға, қызамыққа және паротитке (свинка) қарсы екпелер.
Балалар туған сәттен бастап егіледі, медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда әрбір бала перзентханада екі екпе алады. Балаларға вакцинация 2 жасқа дейін, содан кейін 6, 7 және 14 жаста жасалады.
Вакцинация үшін жергілікті және шетелдік өндірушілердің препараттары қолданылады.
Жалғыз шарт-дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының тіркеуі мен сертификаты болуы тиіс.
Адамға вакцина ретінде белгілі бір аурудың немесе микроорганизмнің ең әлсіз, адам ағзасына қабындыруға шамасы жетпейтін бөлігі ғана енгізіледі. Микроорганизмді антиген деп атауға болады, алайда адамның ағзасына енгізілетін микроағза антигеннің өзі емес, антигенді түзуге көмектесетін бағдарлама. Одан адамның иммун жүйесі зардап шекпейді. Тіпті білмей қалады десек болады.Кейбір аурудың вакцинасы бір айда не бірнеше аптада екі-үш реттен салынады. Сонда ағза аурудың белгілерін «есте сақтап», індет туғызушы микроағзалармен күресуді үйренеді. Ал адам ағзасында аурумен күресетін микроағзаны – антиденешік дейді. Антиденешік – иммун жүйесінің маңызды бөлшегі. Аурумен күресетін жауынгер десек болады. Ал вакцинаның міндеті – адам ағзасына антиген жіберу арқылы антиденешік түзу.
Н.Нышанов
ТО СЭБД басшысы