Қызылша әлемдегі ең жұқпалы аурулардың бірі, жұққыштығы 90 % құрайды, яғни әр науқас байланыста болған 10 адамның 9-ын жұқтырады. Тарату жолы – ауа-тамшы.
Инкубациялық кезеңі 8-14 күн (өте сирек 17 күнге дейін). Инфекцияның көзі – қызылшаның кез келген түрімен ауыратын науқас, инкубациялық кезеңінің соңғы күнінен (соңғы 4 күн) бөртүдің 4-күніне дейін айналасындағылар үшін жұқпалы.
Бөртпенің 5-күннен бастап науқас жұқпалы болып есептелмейді.
Қызылшаға қарсы жаппай вакцинация егілгенге дейін, ол көбінесе екі жастан бес жасқа дейінгі балалар ауырған, анағұрлым сирек – балалар жасындағы осы аурумен ауырмаған ересектер ауырған. Ересектерде қызылша – бұрын қызылшамен ауырмаған, әдетте қызылшаға қарсы вакцинация жасалмаған жастарда кездеседі. Бұл жастар қиын, пневмония және бактериялық асқынулармен қатар жүреді.
Қызылша мен қызамыққа қарсы алдын алудың ең тиімді іс-шарасы — вакцинация болып саналады.
Қызылша мен қызамыққа қарсы егу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысы бойынша медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу мерзімдеріне сәйкес балаларға 12-15 ай аралығында және 6 жаста жүргізіледі.
Халықты қызылшаға, қызамыққа қарсы иммундау үшін құрамдастырылған вакцина (ҚҚП) және қызылшаға, қызамыққа қарсы моновакциналар пайдаланылады.
Қызылша мен қызамыққа қарсы вакциналар аз реакция бергіш, сол себепті реакция өте сирек береді. Олар көбінесе вакцинациядан кейін 5-12 күн өткннен кейін аурудың жеңіл нұсқасы сияқты синдроммен байқалады:
дене температурасының аздап көтерілуі, ұсақ дақ-папулезді бөртпелердің қысқа мерзімді шығуы. Барлық осы құбылыстар вакцинаның әлсіреген тірі вирустарын енгізуге қалыпты егу реакциясы болып саналады және 1-2 күн ішінде өтеді.
Вакцинация жасауға қарсы көрсетілімдер:
тұрақты иммунтапшылығы жағдайы;
қатерлі ісік (қан аурулары);
айқын анемия және қанның басқа да ауыр аурулары;
кортикостероидтарды немесе сәулелі терапияны ұзақ уақыт қабылдаған тұлғаларға;
жұмыртқаның ағына, аминогликозид, неомицин және вакцинаны өндіру кезінде қолданылатын басқа да антибиотиктерге қарсы анафилаксиялық реакциялары;
жүктілік;
бала емізу;
алдыңғы вакцинаны енгізгеннен кейін 48 сағат ішінде дамыған күшті реакция.
Құрметті ата-аналар балаларға қызылша мен қызамыққа қарсы екпе жасаудан бас тартпаңыздар!