“Қазақстандық футбол әуесқойлары дәрігерлерінің” қоғамының медицина қызметкерлері арасындағы футзалдан I-ші Қазақстан чемпионаты өтті. Спорттық сайысқа еліміздің 12 өңірінен келген медицина қызметкерлері қатысты.
Республикалық турнирге Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы атынан Сарыағаш аудандық ауруханасының қызметкерлері қатысты. Сайыста Сарығаштық дәрігерлер Алматы, Жамбыл,СҚО және Ұлытау облысынан келген командалармен кездесіп, футзалдан жеңіске жетті.
Республикалық турнир нәтижесі бойынша командалалар арасында Сарығаштық аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері III-орынға ие болды. Сондай-ақ сайыста Сарығаш аудандық команданың ойыншысы Охап Ахмет “Үздік сұрмерген” номинациясы бойынша мараратталды.
Айта кетейік, Сарыағаш аудандық орталық аурухана қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық шараларға белсене қатысып, үздік нәтижелер көрсетеді.Биыл Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына 169250 адам тіркелген
2023 жылы ауданда скринингтік тексеруден 83548 ересек адам, 76865 бала өтті. Нәтижесінде ауданда профилактикалық тексеру 100%-ға орындалды.
2023 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша скринингтік зерттеулердің орындалуы бойынша ересектер арасында:
Қанайналым жүйесінің аурулары бойынша жоспар бойынша 22674, 100%-ға орындалды;
Қант диабеті бойынша жоспар бойынша 22674, 100%-ға орындалды;
Глаукома бойынша 22674, 100 %-ға орындалды;
Жатыр мойны обыры бойынша 4364, 100%-ға орындалды;
Сүт безі обыры бойынша 4912 100%-ға орындалды;
Тоқ ішек бойынша 6250, 100%-ға орындалды.
Сондай-ақ 5179 адам қымбат диагностикалық қызметтермен қамтылды.
Бүгінгі таңда аудандағы медициналық ұйымдарда 2470 астам маман, оның ішінде 361 дәрігер және 1422 орта буын қызметкері жұмыс істейді.