Таукент кентіндегі І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушыларына және Қыземшек кентіндегі Л.Бөкенов атындағы жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушылары арасында медицина қызметкерлері «Қызылша, тұмау ауруларының белгілері, асқынулары және олардың алдын алу шаралары» тақырыбында дәріс оқыды.
Мақсаты: тұмау және қызылша ауруының түрлері мен белгілерін, берілу жолдарын және сақтану жолдарын оқушыларға ұғындыру. Салауатты өмір негізінде білімдерін жетілдіру.Қызылша өте жұқпалы ауру екенін бәрі біледі. Қызылшаның өршуі бүкіл әлемде тіркелуде. Қызылша асқынулармен қауіпті. Бірақ аурудың алдын алу емдеуден гөрі оңай екенін бәріміз білеміз. Сондықтан профилактикалық медицинаның кезекті мектебі алдын алу мәселелеріне арналды. Вакцинация-бұл аурудан негізгі қорғаныс. Вакцинацияланғандар неғұрлым көп болса, ауру қаупі соғұрлым аз болады.Қызылша – инфекциялық жұқпалы ауру. Көбінесе балаларда кездеседі. Ауруға қарсы екпе алмаған адамның қызылшаны жұқтырып алуы әбден мүмкін. Вирус ауа тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейімен сыртқы ортаға тарайды. Төртінші күні көзі бөртіп ауырып жүрген адам инфекцияны таратушы көз деуге болады. Бесінші күннен бастап вирус адамға жұқпайды. Ауырып, жазылған адамда өмір бойы қызылшаға қарсы иммунитет сақталады. Кезінде қызылшамен ауырған әйелден туған бала үш айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені оның бойында анасынан берілген вирустан қорғайтын ауруға қарсы денелер уақытша сақталады. Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы вакцина егілмеген адамда кез келген жаста вирусты жұқтырып алуы мүмкін.
Аурудың негізгі белгілері:
әлсіздік;
дене қызуының көтерілуі;
қабақтың ісінуі;
бас ауруы;
ұйқысыздық;
жалпы мазасыздық;
тамаққа тәбеті болмау;
шырышты секрециясы бар күшті ринит;
құрғақ жөтел;.
конъюктивит;
3-8 күнде денесіне бөртпе шыға бастау.
Ауру белгілері байқалса, сау адамдарға жұқтырмас үшін қарым-қатынасты дереу тоқтату керек. Мұндайда бірден емханаға барып, зертханалық сынамаларын алғаннан кейін диагнозды инфекционист-дәрігерлер қояды. Ауру адам қан және зәр тапсырады. Дәрігердің жолдамасымен тағы да қажетті анализдерді тапсыруы ықтимал. Дәрігерлер аурумен қарым-қатынаста болған адамдарың бәрін 21 күн бойы тексереді.
Нейрохирургтің айтуынша, ұзақ уақыт бойы қызылша ауруының емі табылмаған. Бұл дертті, тіпті, шешектің жеңіл түрі деп санаған. Алайда 18-ғасырда ғана оның жеке ауру екені анықталған. Вакцина ойлап табылғанға дейін ауру балалардың 85 пайызына тарап отырған. Жыл сайын қызылша ауруынан 2,5 миллионнан аса адам қайтыс болған. Эпидемия екі-үш жылда бір қайталанып отырған. Мамандардың айтуынша, бұл дерттен өліп кету қаупі бар. Көбінесе вакцина алмаған адамдарда ауру ауыр өтеді.