Түркістан облыстық клиникалық аурухананың инсульт орталығы III деңгейге жатады, яғни Түркістан облысындағы инсульт болған науқастарға медициналық көмек көрсету бойынша жоғары технологиялық тәсілдермен іс-шараларды көрсетеді. Оларға тромболитикалық терапия, тромбоэкстракция, суперселективті тромболизис (в/і + а/і тромболизис+тромбоэкстракция), субарахноидальды қан кетулер кезінде жарылған аневризмалардың эмболизациясы, трепанация, геморрагиялық инсульт кезінде ми ішілік гематомаларды алу кезіндегі трефинация сияқты тәсілдер жатады. Бұл операцияларды инсульт орталығының нейрохирургтары жүргізе отырып, диагностика мен емдеудің ангиографиялық әдісін белсенді қолданады.
Бөлімше мультидисциплинарлық принцип бойынша жұмыс істейді, ерте оңалту кезеңін өткізеді, ауыр науқастардың қайталама инсульті мен қайталама асқынуларының алдын алумен айналысады. Апта сайын «Инсульт мектебі» сабақтары өткізіледі, онда пациенттер инсульттің алғашқы белгілерін, инсультті анықтау кезіндегі шұғыл шараларды, инсульттің алдын алуды үйренеді және т.б. Бөлімше мамандары санавиация желісі бойынша аудан орталықтарының I, II деңгейдегі инсульт орталықтарына шығады, ауыр науқастарға кеңес береді, одан әрі емдеу тактикасы туралы мәселені шешеді және қажет болған жағдайда III деңгейде емделу көрсеткіштері бар науқастарды тасымалдайды.
Практикада болған жағдай: ОКА инсульт орталығында кезекті ота жасалынып, тағы бір адам құтқарылды. Науқас ж. (1979ж. т.) Жетісай аудандық орталық ауруханасына ауыр халде бас миының қан тамыр аневризмасының жарылуы есебінен субарахноидальды қан құйылу диагнозымен түсті. Жағдайы тұрақталғаннан кейін науқас 4-і тәулікке қарай санавиация желісі бойынша облыстық клиникалық ауруханаға емдеуге жеткізілді, пациент дереу селективті ангиографияға алынды, одан алдыңғы қосушы артериясының аневризмасы анықталып, аневризманың эмболизациясы жүргізілді. Операция сәтті өтті, науқас инсульт бөліміне ауыстырылды, содан кейін неврологиялық тапшылықсыз жағдайының жақсаруымен аруханадан шығарылды.