«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» Ұлттық жобасы аясында статистика басқармасының соңғы деректеріне сәйкес облыс бойынша 1 170 532 адамға (о.і: Тараз қаласы бойынша – 465 117, ауыл халқы – 705 415) 389 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді (о.і: ауруханалық ұйымдар — 26, емханалық ұйымдар — 24, дәрігерлік амулатория – 122, МП – 142, ФАП — 53, ғимаратсыз нысандар-15, Жедел жәрдем стансасы-1, басқалар-5), жекеменшік мекемелер-58.
Заңды тұлға 38 (о.і: мемлекеттік-2, қазыналық кәсіпорын-3, шаруашылық жүргізу құқығындағы-33 (о.і: сенімгерлік басқаруға 4 мекеме берілген)).
Ауылдың шалғай елді мекендерде орналасқан халықты қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында 11 жылжымалы медициналық кешен (3 – КАМАЗ, 8 – автобустық мамандандырылған көліктер) 2023 жылы барлығы 265 елді мекендегі 96 239 адамды медициналық тексерумен қамту жоспарласа, ағымдағы жылдың 6 айында 191 (72%) елді мекендегі 76 957 (80%) адамды қамтыды (о.і:19 006 бала).
20 753 диагностикалық зерттеулер, 5 273 зертханалық тексеру, 102 859 бейінді мамандардың консультациясы көрсетіліп, 1733 адам емханаға есепке алынды (о.і.- 111 бала).
Фармацевтика секторына шетелдік инвестицияларды тарту үшін инвестициялық ұсыныстар пулы қалыптастырылды. Жергілікті қамту мақсаттары МӘМС жүйесі шеңберінде дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды аймаққа бөлу және жеткізу, жергілікті деңгейде дәрі-дәрмектерді сатып алу жоспары бекітілді. Дәрі-дәрмектерді сатып алу автоматтандырылған жүйеде жұмыс жасайды.Денсаулық сақтау министрлігі студенттердің физикалық және психикалық денсаулығына әсер ететін өмір салты факторларын зерттеді. Зерттеуге бүкіл ел бойынша 121 мектептен 8528 оқушы қатысты. Халықтың репродуктивті денсаулық туралы ақпаратқа қол жетімділігі артты. Бүкіл ел бойынша салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.