Ордабасы аудандық орталық ауруханасына қарасты Қараспан БМСК жалпы тәжрибелі дәрігері Ж.Имаханова Ауруларды басқару бағдарламасы бойынша «Қант диабеті 2 тип» тақырыбы бойынша емханаға келген қаралушыларға ақпараттандыру жұмыстары жүргізді.
Қант диабеті әлемдегі ең көп таралған эндокринологиялық ауру және оның дамуы организмдегі көмірсулар алмасуының бұзылуымен байланысты. Қант диабетімен ауыратындардың 80-90%-ы қант диабетінің 2 типімен ауырады. Бұл ауру типі жас ұлғайған сайын пайда бола бастайды. Дей тұрғанмен, соңғы онжылдықта бұл ауру жастар арасында да артып келеді. Ұйқы безі ағзаға жеткілікті гормонды шығармайды да, қандағы глюкоза жоғарылап кетеді.
Қант диабетін емдеу өмір бойы жүргізіледі. Өзін-өзі бақылау және дәрігердің ұсыныстарын дәл орындау аурудың асқынуын болдырмайды немесе айтарлықтай баяулатады.
Диетотерапия қант диабеті үшін дұрыс диеталық тамақтану өте маңызды. 2 типті қант диабетінің жеңіл (және көбінесе орташа ауырлықтағы) түріндегі диетаны дұрыс таңдау арқылы дәрі-дәрмекпен емдеуді азайтуға болатыны айтылып өтті.
2-типті қант диабеті – бұл ағза инсулинді жеткілікті мөлшерде бөле алмағанда немесе оны тиімді қолдана алмағанда пайда болатын күрделі созылмалы ауру. 2-типті қант диабетімен ауыратын адамдар инсулин мен қандағы қант деңгейін бақылауда ұстау үшін емделуге мұқтаж.
Инсулин – бұл ұйқы безі бөлетін, қандағы глюкозаның мөлшерін бақылайтын гормон. Инсулиннің тым аз болуы дененің біз жейтін тағамнан глюкозаны сіңіре алмайтынын білдіреді. Бұл орын алған кезде қандағы глюкоза деңгейі жоғарылайды, уақыт өте келе бұл жоғарылаған деңгейлер қан тамырларын зақымдауы және ағзаның мүшелері мен жүйкелеріне оттегі мен қоректік заттарға бай қанның жеткізілуін азайтуы мүмкін.
2-типті қант диабетімен ауыратын, ағзасы жақсы жауап бермейтін немесе инсулинге төзімді болмаған адамдар ағзаларына глюкозаны жақсырақ өңдеуіне көмектесу үшін ем қажет етуі мүмкін. Бұл ұзақ мерзімді асқынулардың алдын алуға көмектеседі.