Тағамнан улану ауруы –әртүрлі микроағзалар түрімен жаппай ластанған тағамды жегенде немесе құрамында улы бактериалды заттары бар тағамдарды тұтынған жағдайда пайда болады.
Тамақтан улану мыналарға бөлінеді:
• Микробтық (сальмонеллез, дизентерия, ЖІИ, ботулизм және т. б.
• Микробсыз (химиялық заттармен, улармен улану)
Тамақтан уланудың белгілері: жалпы әлсіздік, жүрек айну, құсу, іш өту, ара-арасында іштің түйілуі мен ауруы. Осындай клиникалық белгілер пайда болған жағдайда жедел түрде дәрігерге жүгінген абзал.
Облыс көлемінде соңғы 2022-2023 жж. аралығында жаппай тағамнан уланудың қоғамдық тамақтану орнымен байланысты- 3 жағдай, ал үй жағдайында-1 жағдай тіркеліп, 200-ден аса адам зардап шеккен.
Яғни, тамақтан уланудың алдын алу мақсатында төмендегілерге назар аударуды сұраймыз.
• Нысандар эпидемиологиялық мәні бойынша Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес міндетті түрде СЭҚ немесе қызметін бастау туралы хабарламасы болуы тиіс;
• тауардың ілеспе құжаттары, оның қауіпсіздігін растайтын құжаттарын сұрау;
• техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін, сапасыздықтың айқын белгілері бар өнімдерді қолдану;……….
• белгіленген жарамдылық мерзімдері жоқ немесе жарамдылық мерзімі өткен, таңбалауында көрсетілген дайындаушы ұсынған ақпаратқа сәйкес келмейтін;
Сонымен қатар, қазіргі таңда, үй жағдайында жеткізу қызметімен тағам өнімдерін, жартылай фабрикаттарды, кремді өнімдер мен бәліштерді т.б. даярлайтын қарқын алуда. Ал, бұл өз кезегінде тамақтан улануға себеп болуы мүмкіндігін арттырады. Себебі, үй жағдайында даярланған өнімдердің қауіпсіздігін растайтын мәліметтері бар тауардың құжаты, тамақ өнімдерінің құрамы, тағамдық құндылығы, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, және т.б. деректер туралы ақпарат көрсетілмейді. Яғни, үй жағдайларында санитариялық ережелердің сақталуына ешқандай кепілдік берілмейді.
Осыған байланысты, Сізден тамақтан уланудың салдарын болдырмау және алдын алу бойынша жоғарыда аталған кеңестерге назар аударуды сұраймыз.