02.02.24 жылы Ордабасы аудандық орталық ауруханасына қарасты Шұбар БМСК жалпы тәжрибелі дәрігері Г.Джумадуллаева Ауруларды басқару бағдарламасы бойынша «Қант диабеті » тақырыбы бойынша емханаға келген қаралушыларға ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.
Қант диабеті ауруының алдын алу шаралары туралы, яғни дұрыс тамақтану, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде айтылып өтті.
Қант диабеті — ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Тыңдаушылар тырнағының сынғыштығы бойынша және дәрілеріне , ішетін тамақтары бойынша, инсулин бойынша сұрақтарын қойып дәрігерден қанағаттанарлық жауап алды.Қант диабеті — инсулиннің бездік немесе безден тыс жеткіліксіздіктерінде, қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады.
2 түрдегі қант диабеті кезінде жалпы хал-ахуалдың нашарлығы, әлдің құруы, іштің ауруы, құсу, ауыздан ацетон иісінің шығуы байқалады. Бұл қанда кетоновтық заттарың (кетоацидоз) жиналып қалуымен түсіндіріледі. Егер дер кезінде шара қолданбаса, науқас есінен тануы мүмкін – диабет комасына түсіп, көз жұмуы ықтимал. Шамадан тыс инсуллин қабылдаған кезде және қандағы глюкозаның күрт түсуінен адам комаға түсуі мүмкін.
Диабет кезінде асқынуларға тап болмау үшін үнемі қандағы қант деңгейін бақылап тұсу керек және емдеу қажет.
Ауруды анықтау және емдеу
Қант диабетіне шалдыққандар міндетті түрде эндокринолог дәрігердің тіркеуінде болуы шарт.
Қант диабетін анықтау үшін келесі зерттеулер жүргізіледі:
Қандағы глюкозаны анықтау: аш қарынға капиллярық қандағы (саусақтан алынатын қан) глюкозаны анықтау .
Глюкозаға толеранттылықты тексеру: аш қарынға 75 г глюкозаны 1-1,5 стақан суға араластырып ішіп, 0,5-2 сағаттан кейін қандағы глюкозаның концентрациясын анықтау;
Зәрдегі глюкоза мен кетонов денелерін анықтау: егер зәрде бар болса, демек, адам науқастанған.
Гликозилирдік гемоглобин: қант диабетіне шалдыққандарда көп мөлшерде болады.
Қандағы инсулин мен С-пептидтерді анықтау: 1 түрінде қандағы инсулин мен С-пептидтердің саны азаяды, 2 түрінде қалыпты болуы мүмкін.Қант диабетімен ауырудың қарқынды өсуі — әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының жаһандық проблемалардың бірі. Бүгінде ғаламшардың шамамен 200 млн. тұрғыны осы аурумен қасірет шегуде. БДСҰ-ның сарапшыларының болжамына сәйкес қант диабетімен ауыратын аурулардың саны 2015 жылға 300 млн. адамға артады. Қант диабеті неғұрлым елеулі медициналық-әлеуметтік әлемдік проблемаға айналып отыр, атап айтқанда Еуропадағы қант диабетімен ауру-сырқау 2-5 % құрайды, ал 15 жас пен одан үлкен жастағы аурулар жалпы саны 13-32,5 млн. жетіп артылады. Емдеудің қазіргі заманғы әдістері бар болған күннің өзінде қант диабеті АҚШ-тағы өлім-жетімнің мәні бойынша төртінші орын алып отыр.