МСАК жұмысының тиімділігі мен қамтылуы туралы депутаттық сауалға жауап ретінде Медициналық сақтандыру қоры мыналарды түсіндіреді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметтерінің рөлін нығайта отырып, денсаулық сақтау жүйесін кезең-кезеңімен реформалау, осы бағыттағы инвестициялар көлемінің едәуір өсуі, халық үшін қаржылық кедергілердің төмендеуі, медициналық көмек көрсетуде кешенді және біріздендірілген тәсіл қағидаттарын енгізу нәтижесінде бүгінде ел халқын бастапқы денсаулық сақтау қызметтерімен толық қамту туралы айтуға болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген сәттен бастап амбулаториялық-емханалық көмекті қаржыландыруды 3 есе, 2019 жылғы 514 млрд теңгеден 2024 жылы 1 617,9 млрд теңгеге дейін ұлғайту мүмкіндігі туды.
2023 жылы өткен жылмен салыстырғанда МСАК ұйымдарына қаралу саны 8,1%-ға, пациенттердің жүгінуі 118,8 млн-нан 128,4 млн-ға дейін ұлғайды, бұл бастапқы деңгейде қызметтердің қолжетімділігін жақсартудың тұрақты үрдісін көрсетеді.
Өткен жылы амбулаториялық деңгейде пациенттер 324 млн консультациялық-диагностикалық қызмет алғанын немесе бұл 1 тұрғынға шаққанда 16-дан астам қызмет екенін айта кету керек. Бұл ретте 1 миллионнан астам адам қымбат диагностикалық қызметтермен (КТ/МРТ) қамтылды.
Халықты дәрігерлік көмекпен қамту аудандық деңгейдегі дәрігерлік амбулаториялар мен емханалық ұйымдардың деңгейінде де, сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендермен, пойыздармен және қашықтықтан консультациялық қызметтерді белсенді пайдаланумен де жүзеге асырылады. Қашықтықтан қызмет көрсету тек соңғы жылы 3 есе, 2022 жылы 582 мыңнан 2023 жылы 1,6 млн-ға дейін өсті.
Соңғы жылдары шалғайдағы ауылдық елді мекендерге дейін бастапқы буындағы медициналық объектілерді ұлғайту бөлігінде елеулі инфрақұрылымдық өзгерістер болды.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке қол жеткізу мақсатында еліміздің әрбір тұрғыны үшін 85 МСАК объектісі салынып, 80 медициналық объекті жөнделді.
Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық халқы медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен қамтылған, оны 5 мыңнан астам бастапқы буын объектілері көрсетеді, оларда 20 млн.адам тіркелген 13 475 дәрігерлік учаске құрылды. Олар 985 терапиялық, 1 945 педиатриялық және 10 545 ЖПД учаскелеріне бөлінген.
Учаскелерде 11 708 дәрігер (жеке тұлғалар) жұмыс істейді, жұмыспен қамтылғандардың саны 12547, яғни ставкаларға орналастырудың, оның ішінде қоса атқарудың есебінен қамтамасыз етілген.
Қазақстанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 10 мың халыққа шаққанда 29-ды құрайды, бұл ДДҰ ұсынымдарынан жоғары.
2023 жылы еліміздің өңірлеріне 1904 жалпы практика дәрігері, 28 отбасылық медицина дәрігері, 32 терапевт, 76 педиатр бөлініп, жұмысқа орналастырылды.
ФАП және МП деңгейінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетіледі. Қазақстанның географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тығыздығы төмен және шалғай орналасқан елді мекендерде аудандық деңгейдегі дәрігерлік амбулаториялар мен емханалық ұйымдар учаскелерінің құрамына кіретін 3,7 мыңнан астам фельдшерлік акушерлік (ФАП) және медициналық пункттер (МП) құрылды.
Бұдан басқа, денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі қайта қаралды, осылайша 50 адамға дейінгі ауылдарда дәрігерге дейінгі көмекті үй-жайсыз мейіргер көрсетеді, ал 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерінің саны бір адамнан үшке дейін ұлғайтылды.
Соңғы жылдары жалақының жыл сайынғы өсуі МСАК-та дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз етудің оң динамикасына әсер етті. Кадрлар тапшылығын төмендету үшін ауылдық жерге жұмысқа кемінде 5 жылға келген медицина қызметкерлеріне ең төменгі жалақының 143 еселенген көлемі мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемнің мөлшерін заңнамалық бекітуді қоса алғанда, бірқатар шаралар көзделген.
Сонымен қатар, Қағидаларды жетілдіру мақсатында медреселер мен әскери училищелердің 18 жасқа толмаған студенттерін/оқушыларын олардың ата-аналарының/заңды өкілдерінің өтініші мен тіркелген жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды, МСАК қызметтерін көрсетуге үміткер жеке медициналық ұйымдарға қойылатын талаптарды қатаңдатуды, қызмет көрсету аумақтарын денсаулық сақтау басқармаларының меншік нысандарына және басқа да нормаларға қарамастан қызмет көрсету аумағына бөлуді көздейтін бұйрықтың жобасы әзірленді.
Жалпы Министрлік МСАК-ты жетілдіру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Өткен жылы МСАК бойынша Жаһандық конференцияда ДДҰ көшбасшылары МСАК бойынша Астана және Алматы декларациясының үлкен саяси рөлін атап өтіп, тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан өз азаматтарының әл-ауқаты мен саламаттылығын, сондай-ақ МСАК тәсілдерін қабылдай отырып, азаматтардың денсаулығын жақсартуда елеулі прогреске қол жеткізгенін мойындады.
«Бұған отбасылық медицинаға кеңейтілген қолжетімділік, денсаулық сақтау саласындағы жұмыс күшін дамыту, маңызды инфрақұрылымды дамыту және денсаулық сақтау жүйелерінің тиімділігін бағалауды қолдану кіреді. 2009 жылдан бастап 2020 жылға дейін Қазақстан медициналық қызмет көрсетуді жақсарта отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау индексіндегі өз позициясын көтерді. Бұл нәтижелер еуропалық өңірдің өзінде әлдеқайда жоғары болғанын көрсетеді. Он жылдың ішіндегі нәтижелер іс жүзінде екі есеге өсті, бұл қысқа мерзімде өмір сүру ұзақтығының артуы тұрғысынан ең жоғары көрсеткіштердің бірі болуы мүмкін», — деп атап өтті ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус.