Соңғы кездері республикамызда ғана емес, әлемде де тәжтажал індетіне шалдыққандар саны күн санап көбейіп барады.
Түркістан облысында 2018 жылдан бастап медицина саласын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Жаңадан ауруханалар ғимараты салынуда. Медициналық – техникалық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, емдеудің жаңа әдістеріне қол жетімділік артуда. Дәрігерлер Америка, Түркия елдерінде білім алып тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырды.
Денсаулық сақтау жүйесі – қоғамның әлеуметтік өмірінің ең маңызды саласы. Елімізде денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін жыл сайын орасан зор қаржы бөлініп, жекеменшік секторды қоса отырып, қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізіліп жатыр. Дәрігерлерді оқыту мен олардың біліктілігін арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасып келеді.
Түркістан облысында науқастардың іш қуысы мен бүйрек органдарын, тыныс алу және сүйек жүйелерін диагностикалау үшін 10 медициналық ұйымдарға компьютерлік томография (КТ) құрылғысы бюджет есебінен сатып алынып орнатылды. Оның ішінде – екі облыстық аурухана (облыстық клиникалық және балалар ауруханасы), үш қалалық (Түркістан қалалық және балалар ауруханасы, Кентау қалалық ауруханасы), бес аудандық ауруханаға (Жетісай, Шардара, Сарыағаш, Сайрам, Отырар аудандық ауруханалары) орнатылды.
Жалпы алғанда2022 жылы медициналық ұйымдардың жарақтандырылу деңгейі 3,35% (83,35%) өскен еді. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша облыстық жедел жәрдем станциясын нормативке сәйкестендіру мақсатанда Түркістан қаласында 2021 жылы 25 бригадаға арналған жедел жәрдем станциясының құрылысы басталып, қазіргі таңда халық игілігіне пайдалануға тапсыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Түркістан қаласында халықаралық стандарттарға сәйкес 570 төсек-орындық көпсалалы аурухана құрылысы жүруде. Сондай-ақ, Түркістан қаласында заманауи перзентхана салу үшін Біріккен Араб Әмірлігімен Абу-Даби қорымен келіссөздер жүргізілуде.
Елімізде дәрілік заттармен қамтамасыз ету Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС тарапынан жүргізіледі. Ведомствоаралық комиссияның хаттамалық тапсырмасы негізінде ҚР ДСМ «СҚ-Фармация» ЖШС-мен бірлесе отырып дәрілік заттардың тапшылығын болдырмау шаралары жүргізілуде. Дәрілік заттардың тапшылығы анықталған жағдайда «СҚ-Фармация» ЖШС тарапынан фармокологиялық топтары бойынша өзара ауыстырмалы дәрілік заттармен және басқа саудалық атаулы дәрілік заттар жеткізіліп қамтамасыз етілуде. Қазіргі уақытта медициналық мекемелерде Ресейдің санкцияға ұшырауына байланысты дәрі-дәрмектер жетіспеушілігі бойынша шағымдар жоқ.
Аталмыш мәселе бойынша: Қазақстан Республикасының Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының бағыттарының бірі — ел аумағында өсетін дәрілік өсімдіктерді пайдалана отырып, препараттар өндіруді ұйымдастыру болып табылады. Осыған орай ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар аясында фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың перспективалы секторларын анықтау бойынша орта мерзімді болжам мен талдау жүргізіліп, дәрілік өсімдіктерді өңдейтін биофабриканы пайдалана отырып, препараттар өндірісін дамыту көзделді. Бүгінгі күнде жаппай ғылыми зерттеу кезеңінде мемлекет тарапынан толық қаржыландырып жұмыс жүргізілуде.