Түркістан облысындағы денсаулық саласы бойынша халықтың көкейіндегі сұрақтар бойынша Басқарма басшысы Асхан Байдувалиевтің қатысуымен халықпен кездесу өтеді. Сонымен қатар кездесуге медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мамандары және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары қатысады.
Кентаулықтармен кездесуге қала әкімінің орынбасары Байболова Ақнұр Нұралықызы қатысады.
Айта кетейік, халықпен кездесу 07.02.2024ж өтеді.
Өту орны: Кентау қаласы, Яссауи даңғылы 87. Кентау қаласы әкімшілігінің үлкен мәжіліс залы.
Айта кетсек, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің осы бағыттағы есебі тыңдалды. Өңірде 73 медициналық нысанның жобаларын іске асыру мақсатында 2025-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленуде. Аталған 73 нысанды жеке кәсіпкер тарту арқылы жүзеге асыру көзделген. Өңірде денсаулық сақтау нысандарын салуға да инвесторлар тарту жұмысы күшейіп, кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі.
Еске садсақ осыған дейін Түркістан облысының бас дәрігері Асхан Байдувалиев Түлкібас ауданына арнайы келді. Аудан тұрғындарымен кездесу барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Байдувалиев амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде денсаулық сақтау объектілерін салу мәселелері , медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру және жыл сайынғы жалақыны арттыру жөніндегі жұмыстарды баяндады.
«Мен ауданға күнде келе бермеймін. Ішіндегі мұңын айтқысы келген немесе арыз-шағым білдіргісі келген, өтініш-тілегін жеткізгісі келген қарапайым халық жеткілікті. Әлеуметтік желіде жазғаннан келіп, кездесіп, көзбе-көз мәселені талқылағанға не жетсін. Залда халық толып отыруы тиіс еді. Өйткені, біздің салада айтылатын әңгіме көп еді»- деп Асхан Мархабайұлы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Жанат Тоғайбекқызының ұжымына сын айтып, халықпен жұмыс жасалмағанын жеткізді.
Халықпен кездесу барысында Асхан Мархабайұлы мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде ауыл аймақтардағы денсаулық сақтау саласын дамыту басты мақсаттардын бірі екендігін атап өтті.
«ҚР президенті қойған міндеттерді орындай отырып, денсаулық сақтау саласындағы барлық бағыттар бойынша жүйелі түрде жұмыс істеуде. Ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда, өңірдің медициналық ұйымдарын салуға, оларды жарақтандыруға және кадрлық әлеуетті арттыруға қаражат бөлінуде. Одан бөлек Түркістан облысындағы аудандарға МРТ және КТ аппараттарын қойылу жоспарлануда. Сіздердің ауданға КТ аппараты берілді. Қазір Ресейден келетін мамандарды күтіп отырмыз. Олардың міндеті аппаратты іске қосу. Ал қалған жұмыстарды жергілікті дәрігерлер атқарады. Бірақ мұндай аппаратқа түсу қажеттілігін тек емдеуші дәрігер ғана шешеді. Өйткені, » тексере салайын, көз жеткізе салайын» деп, аппаратқа түсуге болмайды » — деп атап өтті А.Байдувалиев.
Кездесу соңында Денсаулық сақтау басшысы халықтың көкейінде жүрген барлық сұрақтарға жауап берді. Онымен қоса жеке қабылдау өткізіп, проблемалардың шешу жолдарын жауаптылармен талқылады.