Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған вейпер ұғымы – электронды темекі шегетіндер қатары күннен күнге өсуде. Аталған темекі түрі никотинды тұтатусыз алуға көмектеседі. Аэрозольды генератор никотинмен қоса сұйықтықтағы глицерин қосылған пропиленгликольды, хош иістендіргішті қыздырады.
Темекінің сұйықтығы никотинді және никотинсіз болып екіге бөлінеді. Бірінші түрі қоршаған орта үшін зияны азадау болғанымен, оны тартқан адам денсаулығына қарапайым темекіден алған зиянды алады.
Жастардың жарнамаға еріп никотинсіз түрі зиян емес деп алданып жатады. Алайда, никотинсіз сұйықтықта басқа да компоненттер бар, олар қыздыру барасында улы токсиндерді бөледі.
Сұйықтықтың құрамында көп мөлшерде глицерин мен пропиленгликоль бар. Глицерин қауіпсіз қоспа болғанымен, оның басым бөлігі сыртқы пайдалану спектріне жатады. Қыздыру барысында глицериннен кролеин атты токсин бөлініп шығады. Қан айналымы үшін зиянды.
Пропиленгликольдың түрлері көп. Бірі өсімдік тектес, бірақ ол түрі өте қымбат, егер өндірісі барысында осы түрін пайдаланса, жасөспірім үшін бағасы қолжетімсіз болар еді. Сондықтан бұл қоспаның басым бөлігі мұнай өнімдері қалдықтарынан алынады. Пропиленгликоль тыныс алу жолдарын тарылтады. Жасөспірім үшін бұл өте қауіпті, себебі өсіп келе жатқан ағза үшін тыныс алу мүшелері дамуды тоқтатады.
Оған қоса демікпеге алып келуі мүмкін. Глицерин силикондармен қосылғанда уға айналады. Дәлелденбеген тұстары да өте көп, оның кейінгі зардабын білмеу де қауіпті.
Ментол жайлы да айтып кеткен жөн. Никотинсіз темекілерді міндетті түрде қосылатын бұл өнім көптеген дәрілердің құрамында болғанымен, шамадан тыс қолдану нерв жүйесіне кері әсері бар.Аталған барлық кері әсерлер – иммунитетті бәсеңдетеді, ойлау процессіне де кері әсері бар. Оқу үлгерімі азаяды, нерв жүйесі дұрыс емес жұмыс жасайды, күйзеліске түсіп, суицидқа да апаруы мүмкін.
Ең үлкен зардабы – тәуелдік, әсіресе жасөспірімдер үшін. Психотерапевттердің барлығы бір ауыздан бұл жайлы дабыл қағуда. Электронды темекіге қаражаты жетпеген мектеп оқушысы бағасы арзанырақ қәдігімді темекіні алады. Темекіден кейін басқа да тәуелдікке жол ашылады.