Бүгін, аудандық аурухана СӨСҚ мамандарының ұйымдастыруымен, Созақ аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Т. Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейі» КММ-нің жоғары сынып оқушылары арасында төмендегі тақырыптар бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
АИТВ/ЖИТС, ЖРВИ Тұмау, Қызылша ауруларының алдын алу!
(Баяндамашы-аудандық аурухана инфекционист дәрігері-Е.Қаныбеков)
Туберкулез және оның алдын алу шаралары
Туберкулез – ежелден келе жатқан қабынбалы өкпе мен лимфа түйіндерінде пайда болатын жұқпалы аурулардың және әлемде көп таралған инфекциялардың бірі. Туберкулез – тек қана өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзасының – сүйек, бүйрек, ми мен мидық қабығы, тері, көз бен басқа да ағзалар зақымдалады. Дегенмен, өкпе туберкулезі жиі кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша жыл сайын туберкулезбен 10 млн астам адам ауырады, туберкулезбен ауыратын 1 адам 15-20 адамға дейін жұқтырады. Қазіргі заманның медицинасының жеткен жетістіктеріне қарамастан туберкулезбен күресуге тиімді тәсілдің бірі ол эпидемияға қарсы шараларды жүргізу болып табылады. Өлім жітім құрылымы жағынан туберкулез аурушаңдығы жетекші орындардың бірін алып отыр, жыл сайын осы аурудан 4 млн- дай адам қайтыс болады.Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын тауып, оның жұқпалы ауру екенін дәлелдеген. Осыған байланысты жыл сайын Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні орайластырылған. Биылғы жылы «Туберкулезбен күресуге инвестиция салыңыз. Өмірлерді сақтаңыз» ұранымен 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында дүние жүзінде оның ішінде біздің облыста да туберкулезді алдын алу мәселесі бойынша белсенді түрде айлық өткізілді.
Ауру жұқтырудың басты көзі туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микробактериялар шығаратын науқас адам болып табылады.
Науқас адам жөтелгенде қақырықпен, түшкіргенде, сөйлегенде ауада таралып, шаңмен бірге еденге, затқа қонады да, көптеген жылдар бойы тіршілік ете беретін сыртқы ортаға миллиондаған бактерия бөледі.
Туберкулезбен адамдар ғана емес, жануарлар: сиыр, ешкі, бұлан, бұғы, түйе де ауырады. Ауыру малдың сүті немесе еті адам үшін ауыру жұқтырудың көзі болып табылады.
Науқас адам тұратын жерде сақтық шаралары мен санитарлық талаптарды сақтау өте маңызды. Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналасындағыларға қауіпсіз болып саналады. Өкпе туберкулёзі тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың балалары сау болып туылады. Дегенмен, барлық сақтық шаралары сақталмаған жағдайда бала туберкулез жұқтырып ауыруы мүмкін. Туберкулезбен ауыратын науқаспен тығыз, ұзақ қарым-қатынаста болу (нәрестелер үшін аздаған уақыттың өзі жеткілікті).
(Баяндамашы-аудандық аурухана фтизиатр дәрігері-Д.Аман)
Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу!
(Баяндамашы-аудандық аурухана психологы –Ш.Түкеебаева)
Зиянды әдеттерден (нашақорлық, есірткі өнімдері, электронды темекі, алкоголь сусындары) бас тарту!
(Баяндамашы-аудандық аурухана СӨСҚ дәрігері –Ш.Амирбекова)
Түрлі жарақат кезіндегі алғашқы көмек көрсету тәртібі!
(Баяндамашы-ТО, Жедел жәрдем аға фельдшері –Б.Әуелбеков)
Аталған тақырыптар бойынша дәріс оқылып, оқушыларға әртүрлі жарақат кезіндегі жедел жәрдем келгенге дейінгі алғашқы көмек түрлерімен танысытырды. Сынықтың түрлері, қан кету кезіндегі көмек туралы оқушыларға айтып, оқушылардың өздеріне практика жүзінде қолданып көрсетті.
Сонымен қатар, тақырыпқа сай бейнематериалдар көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.