Ордабасы аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінің аға мейірбикесі А.Ташимбетова, бас мейірбике М.Джасинбекова катысуымен және бөлімшенің орта жане кіші кызметкерлерінің арасында анафилактикалық шок кезінде мейірбикелердің іс-әрекеттері бойынша тренинг сабағы өтті. Тренинг барысында пациенттің көк тамырына ине егу барысында анафилактикалық шок беруіне байланысты, мейірбикелердің дарігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуі.Оған қоса «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығы бойынша мейірбикелер арасында семинар оқылып,қолды жуу іс-әрекеттерін көрсетті.
Осыған дейін, Облыстық балалар ауруханасының травматолог, эндокринолог, хирург, кардиолог, пульмонолог, невропатолог мамандары Ордабасы аудандық орталық ауруханасында балаларға қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген балалардың бойы мен салмағы өлшеніп, Ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді. Жалпы қабылдауға 59 – ға жуық балаларды ата-аналары алып келді.Ордабасы аудандық орталық ауруханасының балалар бөлімінде 1 және 2 дәрежелі 3 дәрігер, кемінде 10 жылдық тәжірибесі бар 11 мейірбике , 11 кіші қызметкер халықтың жоғары дәрежеде ем алуы мақсатында қызмет атқарады. Бөлімше 40 төсек орынмен қамтылған. 2022 жылдың соңында бөлімше толық күрделі жөндеуден өтіп, неврологиялық және патологиялық нәрестелерге арналған палаталар іске қосылды. Бөлімшеде тәртіп заң талабына сәйкес күшейтіліп, емделушілердің дұрыс ем қабылдауы үшін сырттан келетін диеталық емес тағамдарға қатаң түрде шектеу қойылды. Балаларға арналған ойын бөлмесі ашылып, ойыншықтар мен интернет желісі қосылған теледидармен қамтамасыз етілген. Ең бастысы бөлімшеге түскен балалардың аналарына балаға су балансын берудің емдік шараларда үлкен көмек тигізетінін, ауырған балаға көп су ішкізу керек екені бойынша дәрістер өткізіліп тұрады. Ақ халаттыларға емделуші балалардың аналары да ризашылықтары мен алғыстарын білдіруде.
Айта кетсек, өткен жылы Ордабасы аудандық Орталық ауруханасының емдеу базасы жаңа заманауи құрал-жабдықтармен толықты.
Атап айтқанда, емдеу орталығына әртүрлі өкпе патологияларын анықтау мақсатында қолданылатын бронхоскопиялық аппарат, транскраниалдық эхографиялық тексерулерді жүргізетін жоғары эксперттік ультрадыбыстық зерттеу аппараты (Samsung Madison HS40), өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ), науқастарды тасымалдауға арналған медициналық кереуеттер жеткізіліп, пайдалануға берілді.
Аталған аппараттармен жұмыс істеу мақсатында бірнеше дәрігер біліктілігін арттырып, қайта даярлаудан өткен.
Сондай-ақ, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының аудан тұрғындарымен кездесудегі өтініші негізінде аудандық ауруханаға «Euroampli Alien Cardio» жылжымалы ангиографиялық жүйесі орнатылды. Ал 3 жаңа медициналық қондырғы 2024 жылы халық игілігіне пайдалануға берілмек.
Аудандық Орталық ауруханасының Бас дәрігері Болатхан Сағымбековтың айтуынша, қондырғылар адам денесіндегі тамырларды зерттеп, олардың жағдайы мен жұмысын анықтауға мүмкіндік береді.