Жалпы дауыс беру бір айға жалғасқан. Түркістанда сахналанған «Келіндер көтерілісі» жылдың ең үздік аймақтық қойылымы атанды. Түркістан музыкалық драма театрының «Келіндер көтерілісі» қойылымы өңірлік театрлар арасында үздіктер қатарынан табылып, «Жылдың ең үздік аймақтық қойылымы» номинациясына ие болды. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімінде арнайы сый табысталды. Қазақстанның мәдениет, өнер және спорт саласындағы «Kazakhstan Ticketon Awards 2024» жетінші және ең әйгілі сыйлығы – Ticketon Awards-қа дауыс беру арқылы анықталып отыр. Жалпы дауыс беру бір айға жалғасқан. Оған кез келген қазақстандық қатысқан. Түрлі номинация бойынша барлығы 154 620 дауыс берілген. Ең қызығы, соңғы күні 5890 дауыс беру тіркелген. Осылайша спорт пен өнер саласындағы ең сүйікті, талантты және елеулі өкілдерін таңдады. «Келіндер көтерілісі» спектаклі көрнекті өзбек жазушы-драматургі Саид Ахмадтың ең танымал және табысты шығармаларының бірі болып саналады. Пьеса отыз жыл бұрын жазылғанымен, әлі күнге дейін өзектілігі мен мағынасын жоғалтқан емес. Былтыр ғана Түркістанда жаңа форматта тұсауы кесілген қойылымды көрермен асыға күтеді. Айта кетейік, аталған театр ұжымы үшінші рет үздіктер қатарында. 2022 жылы «Бөрте» спектаклі «Жыл премьрасы» номиницасын алса, былтыр «Махаббат мұнарасы» «Жылдың ең үздік аймақтық қойылымы» номинациясын иеленген болатын.Қазақ тіліне пьесаны аударған – Асқар Сүлейменов. Әлемнің 14 елінің сахнасында қойылып, тіпті кино өндірісінде елеулі туындыға айналған шығарма 40 жыл өтсе де маңыздылығын жойған жоқ. Бұл шығарма тұңғыш рет Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында 1978 жылы көрсетілді. Қазір қазақстандық театрлардың басым бөлігінің сахнасында Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» спектаклі қойылды десек қателеспейміз.
Қырық жылдан астам тарихы бар өзбек драматургінің «Келіндер көтерілісі» комедиясы Түркістан музыкалық драма театры сахнасында заманауи келбетке ие болды. Инсценировка авторы және режиссері – Дәурен Серғазин, көрші отырған екі мемлекеттің ортақ құндылықтарын тиімді пайдаланып, жаңаша сипатта музыкалық комедия жасап шығарды. Комедияда ене мен келін арасындағы қарым-қатынас қана емес, жалпы қоғамда болып жатқан мәселелер де көрсетіледі. Адам баласының еркіндігі, таңдау құқығы, психологияның жедел даму әсері сияқты күнделікті өмірде кездесетін мәселелер негізге алынған. Астарлы әзілге толы комедия көрермен қауымды күлкіге қарық қыла отырып, терең ойға батырады.