Аудан басшысы аталған ауылдардан соң аудан орталығында құрылысы жүріп жатқан 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінде болды. Созақ ауданының әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды бақылауға алды . Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков бірқатар ауылдар мен шағын елді мекендерді аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылауға алды. Сапар барысын Ақсүмбе елді мекенінен бастап, атқарылу керек жұмыстарды пысықтады. Күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Ақсүмбе ауылдық клубы мен кітапханасында болды. Онда қосымша жасалу керек жұмыстарды нақтылап, жауапты мамандарға тапсырма берді. Сондай-ақ ауыл маңында ағын су салдарынан бүлінген жолдарды реттеу үшін де нақты міндеттер жүктеді. Бұған қоса түнгі жарықшамдар орнатылатын көшелер мен, ауыл тазалығына тоқталды. Сонымен қатар Қаратау ауылы мен Сарыжаз елді мекеніндегі облыстық маңызы бар жолдағы су өткізгіш құбырлардың күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, Қарақұр ауылындағы құрылыс нысандарын аралады. Қарақұр ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының құрылысын жақын уақытта аяқтау көзделсе, ауыл жастары бос уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасау мақсатында заман талабына сай жабдықталған жабық футбол алаңының құрылысы басталды. Аудан басшысы аталған ауылдардан соң аудан орталығында құрылысы жүріп жатқан 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінде болды. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, құрылыс нысанының жай-жапсарына жан-жақты тоқталды.
Сондай-ақ,Түлкібас ауданының орталығында орналасқан «Стас и К» өндірістік кооперативі жылына 15 мың тонна платикалық құбыр шығаруға қауқарлы. Түлкібас ауданының орталығында орналасқан «Стас и К» өндірістік кооперативі жылына 15 мың тонна платикалық құбыр шығаруға қауқарлы. Бүгінде құрылыс саласында сұранысы жоғары түрлі диаметрдегі пластик құбырларын шығаруда. Аталған өндіріс ошағына аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен арнайы барып, бүгінгі жағдайымен танысты. Кооператив директорының орынбасары Әбдірахман Тәжібаевпен нысанды аралап, алдағы жоспарларына құлақ асып, өндірісті ұлғайту бойынша ұсыныстарын тыңдады. Өз өнімімізді қолдау мақсатында жауапты бөлім басшысына ауданда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарына барынша осы жердің құбырларын қолдану керектігін ескертіп, кәсіпкерге бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласына аса қажетте тамшылатып суғару құрылғысының бөлшектерін шығаруды ұсынды. Сонымен қатар өндіріс аумағын ұлғайту мақсатындағы жобаларына мемлекет тарапынан Заң талаптарына сай барлық қолдау түрлері көрсетілетінін жеткізді. Айта кетейік, бүгінгі таңда өндіріс орнында екі ауысыммен 20 адам жұмыс істейді.