Бүгін Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «2024 жыл – Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы» атануына орай БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты.
Қазіргі таңда шаһарда мемлекеттік бюджет және инвесторлар тарапынан 56 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. БАҚ өкілдері алдымен “Отырар” мөлтек ауданындағы 5 қабатты 20 үйдің және Мәдениет үйінің құрылысымен танысты. Жалпы 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үй биыл пайдалануға берілмек. Пәтерлерді нарық бағасынан төмен, яғни шаршы метрі 220 мың теңгеден несиеге ұсыну жоспарланып отыр. Биыл қалада жалпы мемлекеттік бюджет есебінен 32 көппәтерлі үй, ал жеке инвесторлар есебінен 24 көпқабатты үй, жалпы саны 2024 жылы 1800-ден астам пәтер пайдалануға беру жоспарланған.
Ал 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылы басталған. Нысанда сахна, саябақ, автотұрақ және балалар ойын алаңшасын салу көзделген. Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары алдағы жылы аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, БАҚ өкілдері облыс орталығында іргетасы қаланған «Жастар орталығының» құрылыс жұмыстарымен танысты. Жастар орталығында арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, амфитеатр, электронды кітапхана бөлмесі, үйірмелерге арналған бөлмелер, шағын спортзал және көпфункционалды залдар бар.
Бүдан бөлек, журналистер «Бекзат» мөлтек ауданындағы жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын кәріз жүйесінің құрылысымен де танысты. Жыл соңына дейін қаланы кәрізбен қамту көрсеткішті 80 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Алдағы уақытта электр, телефон желілері мен су құбырлары тартылады. Төлеби ауданында жылына 150 мың дана арнайы киім тігетін фабрика салынып жатыр. Түркістан облысы, Төлеби ауданында тірлігі табысты саналатын тігін фабрикасының құрылысы жүріп жатыр. Қазір ғимарат тұрғызылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ал кәсіпорынның инфрақұрылымға қатысты мәселелері кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бақылауына алынып, жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Алдағы уақытта электр, телефон желілері мен су құбырлары тартылады. Жеке инвестиция есебінен жүзеге асып жатқан жоба KAZPLAST ЖШС-ға тиесілі. Жалпы инвестициялық құны – 1,5 млрд теңге. Жылына 150 мың дана арнайы киім тігетін кәсіпорында 150 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Биыл жұмысын бастағалы отырған фабрика өнімдері ел іші қажеттілігін өтемек. Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14 277,8 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі – 111,1% құрады. Ал өнеркәсіптің өндірілген өнімінің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 5,2% құрайды. Қазіргі таңда облыс аумағында жеңіл өнеркәсіп саласында жалпы 50-ге жуық кәсіпорын бар. Оның ішінде, 25 кәсіпорын мақта өңдейді, ал 10 тігін кәсіпорындары мен 9 тігін цехтары жұмыс істейді, 3 кәсіпорын аяқкиім шығарады, 1 кәсіпорын медициналық мақта шығарады. Айта кетейік, облыста жіп және мата өндіретін кәсіпорындар жоқ. Алайда қазір аграрлы өңір әлеуетін осы салаға бағыттап, шикізат шығарып қана қоймай, дайын өнімді нарыққа шығару жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Салаға шетелдік инвесторлар мен заманауи технологияларды тарту арқылы жіп иіріп, мата өндіру ісінде алда кеткен елдердің тәжірибелері қолданылмақ.