Түркістан облысында өңір басшысының тапсырмасымен жастар саясатын жүргізу, жастарға қолдау көрсету жұмыстары жаңаша форматқа көшіп, жұмыс тәсілі өзгерген. Бұл ізденіс өз жемісін беруде.Түркістан облысында 2 140 926 мың тұрғын бар. Соның 654 мыңы – 14-35 жас аралығындағы жастар. Оның ішінде 150 мыңнан астамы қала жастары болса, 500 мыңға жуық жас ауылда тұрады. Олардың сапалы білім алуы мен тұрақты жұмысқа орналасуы маңызды.
Мемлекете басшысы былтыр күзде өткен Республикалық педагогтер съезінде барлық орта білім беру мекемесін сапалы әрі жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтуды тапсырған болатын. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан жүргізіліген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде елімізде алғашқылардың бірі болып өңірдің шалғай ауылдарда орналасқан білім ошақтарына Илон Масктың Starlink спутниктік интернет жобасы енгізілді.
Қазіргі уақытта «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-мен жасалынған келісімшарт негізінде жоспарланған 330 мектептің 329-ы SpaceX компаниясы арқылы Starlink спутниктік интернетіне толық қосылды. Енді мектеп оқушылары мен ұстаздары үшін жоғары жылдамдықты интернетке қосылу қолжетімді болды. Қалған Төлеби ауданында орналасқан 1 мектепте биылғы жылдың тамыз айына дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты орнату жұмыстары кейінге шегерілді.
Бұл жоба – әрбір оқушы үшін тең мүмкіндік жасау арқылы, білім беру процесін цифрландыру және цифрлық теңсіздікті жою бағытындағы маңызды қадам болмақ.
Жалпы өңірдегі 911 мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған. Оның ішінде, 581 мектепке талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы жылдамдығы 20-80 Мбит/с интернет желісі орнатылған. Жақында тағы 33 мектепті оптикамен қамту жоспарланып отыр. Бұған дейін 330 мектеп шалғай және таулы аумақтарда орналасуына байланысты, «Қазақтелеком» АҚ байланыс операторының техникалық мүмкіндігіне қарай радиокөпір технологиясымен 20 Мбит/с дейінгі төмен жылдамдықты интернет желісіне қосылған болатын. Енді білім ұялары жылдамдығы 200 Мбит/с жоғары болатын Starlink спутниктік интернетімен қамтылды.