Түркістан облысы жастар саясатын дамыту мақсатында «Серпін–2050» мәңгілік ел жастары – индустрияға мемлекеттік бағдарламасы аясында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау өңірлік университеті өкілдерімен облысымыздың Түркістан қаласы, Сарыағаш ауданының шалғай ауылдарында орналасқан білім мекемелерінің мектеп бітіруші түлектерін оқуға шақыру бойынша белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Кездесу барысында оқушыларға, колледж бітіруші түлектеріне Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің өкілдері Тобатева Кульзия Кадировна, Казыбаев Бейбіт Орынбаевич, және Кенжебек Дінмұхамед Қанатбекұлы және де аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Отаров Нұрғали “Серпін – 2050” мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқуға түсудің артықшылықтары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, алдағы ҰБТ тапсыру мерзімдері және мемлекеттік грант конкурсына өтініш беру үдерісі туралы тереңірек түсіндірілді.
Аталған оқу орны, Сарыағаш ауданының №77 жалпы орта мектебі, №34 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі, №30 С.Торайғыров атындағы жалпы орта мектебінде 500-ден астам бітіруші түлектерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Еліміздің жұмыс күші аз солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан халықты көшіру жұмыстары 2015 жылдан бері атқарылып келеді. Сол уақыттан бері бүгінгі таңға дейін Түркістан облысынан 3 187 отбасы, яғни 14 130 адам қоныс аударып үлгерген.
Биылғы жылы да бұл үрдіс жалғасын таппақ. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылға республика бойынша 7 050 квота бөліп, қандастар мен қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін 7 облыс белгілеген болатын. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау және Қарағанды облыстары бар. Биылғы жылдың 4 айында түркістандық 372 азамат теріскей аймақтарға қоныс аударған.
Аталған бағдарламаны жеке азаматтар да қолдап келеді. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлы көш» қозғалысының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Жаңабай Ағабековтың қолдауымен бүгін Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына арнайы автобус сапарға шықты. Бұл сапардың мақсаты – аталған екі облысқа қоныс аударуға ниетті азаматтарды өңірлердің тыныс-тіршілігімен таныстыру. Түркістан облысы және Шымкент қаласы тұрғындары ішінен қоныс аударуға 30-дан астам азамат алдағы уақытта мекен ететін жерлерді өз көздерімен көріп қайтпақ.