Бүгінгі күні нашақорлық — бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Нашақорлық — бұл маңызды психикалық және физикалық бұзылу, ол адамның психотроптық заттарға тәуелділігі мен теріс пайдалануынан тұрады. Сонымен қатар, есірткілер адамның өзгерген санасына басып озатын және физиологиялық және психологиялық тәуелділікті тудыратын психотроптық заттар болып табылады.«Нашақорлықтың алдын алу мақсатында Инновациялық-технологиялық колледжі студенттерімен кездесу өткізілді. Мұндағы мақсат – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа баулу. Кездесу барысында спикерлер есірткіге елтудің адам өмірі мен денсаулығына кері әсері, есірткіге құмарлықты қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы қажетті ақпараттар беріп, жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Жастарға зиянды әрекеттердің себебі мен салдары түсіндірілді
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы және Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың алдын-алу мақсатында Түркістан Жоғары Медицина колледжінде семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологтары Адамбек Айбек Жәнібекұлы, Ерсайын Ақәділ Ерболұлы, “Жігерлі ел” қоғамдық бірлестігінің басшысы Әбдінәбиева Ақмарал Қалмаханқызы, “Шаңырақ” жастары қб басшысы Байзакова Сабира Мұратқызы және жастар орталығының психологы Ақбота Маратқызы қатысты.Кездесуде жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері айтылды. Қазақстан жастарының өмір сүру салты, еліміздегі нашақорлық деңгейі, статистикалық көрсеткіштері талқыланады. Сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды. Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды.