Ауданды дамыту жұмыстарын қысқаша баяндап, тұрғындардың сұрақтарын тыңдады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш тұрғындарымен кездесті. Ел өңірлерінің әкімдері “Халық үнін еститін мемлекет” тұжырымдамасына сәйкес тұрғындармен кездеседі. Осы орайда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш тұрғындарымен кездесті. Кездесуде өзекті мәселелер ашық айтылды. Тұрғындар күрмеуі шешілмеген түйткілдерді тарқатып, ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды облысты, ауданды дамыту жұмыстарын қысқаша баяндап, тұрғындардың сұрақтарын тыңдады. “Сарыағаш ауданының мүмкіндікі өте жоғары. Экономиканы, өндірісті, ауыл шаруашылығын дамытуға болады. Біз ауданды дамытуға назар аударып отырмыз. Мысалы «Жайлы мектеп» жобасы арқылы Сарыағаш ауданында 10 мектеп салынады. Бұл – үлкен қолдау. Білім сапасын көтеру, осы саладағы жемқорлықты жою күш салып жатырмыз. Инвестиция тарту, яғни, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу, агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану да назарымызда тұр. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Сарыағаш ауданында 2023 жылы 13 елді мекенде 30 жобаны іске асыруға 2,8 млрд. теңге бөлінді. Әлеуметтік нысандар Мәдениет үйлері, мектептер жөнделіп және салынып, инфрақұрылым жақсарды. 2024 жылы 8 елді мекенде 21 жобаны іске асыру үшін 3,8 млрд. теңге қаралды. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 1,8 млрд. теңгеге 283 жоба қаржыландырылды. Сарыағаш ауданында 21 мектептің интернет жүйесі толық іске қосылды”, – деген Дархан Сатыбалды ауданда орындалмаған идикаторларды да ашық айтып, аудан әкімі мен басқарма басшыларына жұмысты күшейту жөнінде тапсырма берді.