Бүгін аудандық орталық аурухананың құрылғанына 60 жыл толуына орай облыстағы медицина мекемелері қызметкерлері арасында шахматтан облыстық турнир өтті. Спорттық шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғалымжан Зиябеков, аудандық орталық аурухана басшысы Болатбек Сағымбеков арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайыстың қорытындысы бойынша ер кісілер арасындағы жеңімпаздар:
1 орын – Ордабасы аудандық орталық ауруханасы; 2 орын – облыстық клиникалық ауруханасы, 3 орын – Сайрам аудандық орталық ауруханасы. Әйелдер арасындағы жеңімпаздар: 1 орын – Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы, 2 орын – Ленгір қалалық емханасы, 3 орын – Түркістан перинатальді орталығы.
Жалпы турнирге ерлер арасында – 15 ауданнан, әйелдер арасында – 12 ауданнан медицина мекеме қызметкерлері қатысқан.
Осы кездеАрмрестлингтен Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ҚР ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған “Шардара Армспорт” мектебінің спортшылары 20 алтын, 3 күміс, 2 қола медальді жеңіп алды.
Атап айтқанда, жас-жеткіншектер арасында Әмірхан Думан, Бекмұрат Мирас, Назар Заңғар, Алдан Нұрсұлтан, Хали Текжігіт, Сәрсенбай Ердос, Анвар Элдар, Серік Ерсұлтан сынды спортшылар алтын медаль, Мансұр Еркеғали күміс, ал Тыныштық Байғани қола медаль олжалады.
Қыздар арасында Назым Закирова, Ақберген Аманат, Ырысбек Нұрғаным, Сымбат Сәрсенбаева жеңімпаз атанса, Жаңбырбек Назерке ІІ орыннан көрінді.
Жасөспірімдер арасында Есен Мейрамбек, Мелдебек Болат, Мыңжасар Ерзат, Сәрсенбай Жармахан, Сансызбай Ерасыл, Базарбай Асылжан, Патилда Мейрамбек чемпион атанды. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында +90 келі салмақта Ұлықбек Құралбаев ел намысын абыроймен қорғады.