Жетісу облысы Талдықорған қаласында велоспорттан «Жетісу шұғыласы» жарысы өтті. Республикалық велошабандоздар бәсекесінде Түркістан облысының командасы нәтижелі өнер көрсетті. Аталған сайыста 2008-2009, 2010-2011 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар бақ сынап, өзара кіл мықтыларын анықтады. Қыздар арасындағы тас жолдағы велосипед сайысында Түркістан облысынан №2 БЖСМ мектебінің спортшысы Жаннель Садыкова 1 күміс және 2 қола жүлдеге ие болып, өңір мерейін асқақтатты. Осылай қос жүлдеге қол жеткізген түркістандық құрама жалпыкомандалық 3 орынды еншілеп, арнайы кубокты иеленді.
Айта кетейік, аталған жарысқа республика бойынша 6 облыс және бір қаладан 150 спортшы қатысып, бақ сынады. Атап айтсақ: Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан велошабандоздар қатысты. Олар жекелей, командалық, топтық және критериум бағыттарында 10, 15, 17, 20, 25, 45, 65 шақырым қашықтықтарда жарысты.
Түркістан облысының велоспорт федерациясында 100-ге жуық велоспортшы бар. Өңірде Түркістан және Кентау қалаларындағы филиалдары жұмыс істеуде. Жаз мезгілінде де жаттығу жалғасады. Аталған спорт бағытына велоспортқа қызығушылығы жоғары 10-14 жас аралығындағыжасөспірімдер қатысуға болады. Әр баланың алда түрлі жарыстарға қатысып, Түркістан облысының велоспорт саласын дамытуына мүмкіндігі бар.
Еске салса06 17-19 мамырда Теміртау қаласында Самарқанд су қоймасында есуден Қазақстан Кубогі өтті.
Жарысқа еліміздің 5 өңірінен 96 мықты спортшы қатысты.
Түркістан облысының ескекшілері жаңа аға жаттықтырушы Иван Лукьяновтың басшылығымен 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медальға ие болды.
Қазақстан Кубогы финалында Түркістан облыстық су спорт түрлері мектебінің шәкірттері жоғары дәрежеде өнер көрсетті. M1x ерлес арасындағы жекелей сында
Владислав Яковлев пен ML1х бағдарламасында Александр Афанасьев топ жарды. Ал әйелдер арасындағы W1x бағдарламасында Анжела Полянина бірінші орын алса, ерлер арасындағы жұптық сында M2 Владислав Галкин мен Иван Чернухин алтын медаль иеленді.
Қорытындыда жалпыкомандалық 1-орынды және Қазақстан кубогін Түркістан облысы құрама командасының ескекшілері жеңіп алды, 2- орында Астана командасы, үштікті Қарағанды облысы еншіледі.